«Жыр бәйгеге аттанған адам болса, Сөредегі Қасымын есіне алсын!..»

«Қазақ пен поэзия – егіз ұғым» дейміз ғой. Сөйткенімен, бүгінгі поэзияқұмар көпшілік жұрт қазақы ақындықтан қасымдықты таба алмай аңсап жүрген тәрізді. Әлбетте, сонау ғасырлардан сабақтаса сусындалған өнердің өресі ұсақталып кетті деп айта алмаймыз. Солай деп айта алмасақ та, сөз сойылын ұстанған бүгінгілер арасынан ақын Қасым шыққан шыңға, оның көркем суреткерлігін табындыратын Тәңіріне талпынушылар көп емес секілді. Әйткенмен, өзі айтпақшы, «дүниеге келер әлі талай Қасым». Ал сол Қасым мен бұ Қасымның арасындағы үндестіктің қоздауы нешік?! Сондықтан да кешегі әм бүгінгі ақындар арасындағы сабақтастық жолы жете зерттеулерді қажет ететін секілді.
Қазақтың ақындығы – тәңірі жарылқап аспаннан сұрағанға түсе салған кенже құбылыстың бірі емес. Ықылым заманнан бергі ешкімге ұқсамай жалғасып келген ғажайып жыр маржандары, ілгерідегі сақ дәуірінен сақтала жеткен жауһар мұралар, Тоныкөк тұсындағы түркінің түрлі тебіре­ністері, хандық тұсындағы толғаулар, ала­сапыранның айтнамалары, шапқын­шы­лықтың шайырларынан жеткен мәңгілік өлмес дастандар – мұның бәрі – бір-бірі­мен үндескен, сабақтасқан ұлы құбы­лыстар. Бұндай ұлттың ұлы өзегін жалғап тұрған киелі қалыптан бертіндегі Бұқар, Махам­бет, Дулат, Абай, Мағжандарға дейін сапы­рыстыра дәм татып, саф өнердің сапасына сән берді. Соған қарағанда, әулие тұтатын ақын Абайдың өзі де аспан­нан түскен жоқ. Оның ақындық, даныш­пандық деңгейіне жеткізген – пенделік күйдегі іркіліссіз ізде­нісі. Сондай өз бойындағы ғажайып күй арқылы Абай — хал­қымыздың үлкен рухани мұрасын кейінгілердің сусындауы үшін сабақ­тас­тырып кеткен заманның заңғар тұлғасы. Ал осы тектес ұлы сабақтастықтың жолы­мен қазақ поэзиясын шырқау шыңға көтер­ген өресі сұмдық ақынның бірегейі – Аманжол Рақымжанның Қасымы.
ХХ ғасырдың соғыстан кейінгі жылда­рында қазақ поэзиясына үлкен бетбұрыс әкелген ақынның өнегесінде де рухани сабақтастық рухы тұрғаны айқын. Зерт­теушілер де Қасым өлеңдерінен ең әуелі Абайдың жолын, Мағжанның ізін көретіні сондықтан болар. Бір сөзбен айтқанда, ықылым замандағы жыраулардан жал­ғасқан рухани шүйгін Қасым поэзиясы үшін қайнардың нағыз көзі болды. Сон­дықтан да қазақ поэзиясына батылдық пен суреткерліктің лебін әкелген Қасым өзіне дейінгі ұлттық поэзия үлгілерінің озығын болмысына сіңіріп қана қойған жоқ, со­нымен қатар ақындықтың шеберлік мек­тебін дамытты. Оның тамаша туындылары, өлмес дастаны өзінен кейінгі Ж.Нәжіме­денов, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, С.Ақ­сұң­қарұлы секілді ақиық ақындардың өнеге алар рухани мектебіне айналды. Әйтсе де осындай рухани мектеп өнегесі бүгінгі күні сұйылып бара жатқандай. Сон­дықтан да ілгеріге озбай-ақ бүгінгі зерт­теушілер Абай мен Қасым арасындағы байланысты Мағжан мен Қасымды, Қа­сым мен Мұқағалиды, Қасым мен Төле­генді, Жұмекенді байланыстыра, соның тамырына терең бойлауы сұранады. Сон­дай сабақтас байланыстан нәр ала білген кейінгі ақындардың да шығар шыңы зор болары – даусыз шындық. Зерттеулер де осы негіздегі жүйені сұранады.
Қасымның өлеңіндегі ерекшелігіне соғайық. Басқасын айтпай-ақ, ақынның әсі­ресе өзіміз ұдайы қарғыс айтатын кеңес за­манын жырлаған һәм соғыс жылда­рындағы тудырған шығармашылығының орны бөлек. «Өңімде ме еді, түсімде ме еді, Көрдім ғой мен бір армандай қызды. Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, сұрапыл соғыс соқты да бұзды. Тулады толқын, шайқалды шың-құз. Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз. Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз!» Осы бір «Дариға, сол қыздың» өзі тұтастай бір дастанға бергісіз туынды екені рас. Ақын мұрасын зерттеушілердің өзі әр тармағы он буыннан тұратын мұндай өлеңнің Қасымға дейінгі де, одан кейінгі де қазақ поэзиясында онша қолданыла қоймағанын алға тартады. Ең бастысы, өмір шындығы жырланатын өлеңде кейіпкердің тебіренісі шынайы бейнеленуімен ерекшеленеді, түр жағынан да айрықша сонылықты аңғар­тады. Сол замандағы дүниеге келген «Ақын өлімі туралы аңыздың» өзі замандас­та­рының алдында шоқтығы биік туынды са­налып, қазақтың ғұлама жазушыларының бәрін дерлік мойындатты. Абдолла туралы осы поэмасы да — қазақ үшін тың жаңалық. «Жау жолына атам сені, бомба бол да жа­рыл, жүрек» дегендегі суреткерлікке кім жетер еді? Сыналай келсек, Қасым ақын­ның поэзиясында, оның әрбір туынды­сын­дағы бейнелеу, ажарлау, құбылту тәсілдері арқылы жасалған бейнелілік-көркемдік байлықтар сонылығымен, тосындығымен тәнті етеді.
Ендеше, осындай өрелікпен Қасымша толғанудың соны суреткерлігі бүгінгі ақ­ындарға жетіңкіремейтін тәрізді. Сон­дықтан да қазақ әдебиетіндегі Қасым поэ­зиясының дәстүрін зерттеу өзекті проб­лемаға айналып отырғанын аңғаруға болады. Басы ашық тағы бір мәселе, ол – Қасым ақынның қазақ поэзиясында берік орныққан шеберлік мектебінің қырларын ашу. Тәуелсіздік идеясы, ұлттық поэзиядағы Қасым поэзиясы дәстүрінің қаншалықты дәрежеде жаңашылдыққа ұласуы. Мұндай дүниелердің жете зерделеніп, жұртшы­лыққа кеңінен таныстырылуы ақынды тағы бір қырынан тануға септігін тигізері анық. Тар заманда өмір сүріп, халық тағдырын мүмкіндігінше жырлаған Қасым – қазақ поэзиясының алтын тамырынан нәр алып шыққан ұлы өнердің қайнар бұлағы. Сондықтан да әлі күнге толық ашылмаған Қасым – қазақ оқырмандары үшін әлі де жұмбақ. Осыны қайта қарау, жыр-дастан­дарын жаңа заманның көзқарасымен ұш­тастыру лазым. Бір сөзбен айтқанда, ақын­ды өз биігінен талдап, өз биігінен қарауға тиістіміз.
Мұқағалидың өзі Қасымның әлі талай­ды табындыратынын айтып, ондай тұл­ғамен мәңгі санасу керектігін сипаттап, былай дейді:
«Бір күй бар домбырамда...»
(Иесі Қасым)
Қасым солай болмаса несі Қасым?!
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымын есіне алсын!..»

Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын:
– Қазіргі біздің ақындарда образды сөйлеу, бейнелеп айту жоқ. Бар болса да, оған соншалықты мән берілмей, осы жол жоғалу үстінде. Сондықтан да кейінгі кездері ақын өлеңі қарапайым бір мақаланы жазып шыққандай ғана әсер береді. Ал Қасымның да, Мұқа­ғали­дың да ірілігі сонда – олар образ­бен айтуды терең меңгерді. Реті кел­меген тұстарын тұспалдап жеткізуді әбден игерді. Мәселен, Пушкиннен аудармасында Қасым «ол да мені тырнағымнан таныды, мен де оны құла­ғынан таныдым» дейді. Ал біздің ақындарымыз мұндайды «мен айбарлы жолбарыспын, сен салпаңқұлақ есек­сің» деп төтесінен баяндаушы еді. Осын­дағы Қасымның жазған екі жолы­ның өзі бүкіл бір балладаға бергісіз. Яғни біздің бүгінгі ақындарда бейнелеп айтып, аз сөзбен көп мағына беру, астарлап сөйлеу, шешендік таныта түсу мәнері сұйылып барады. Дәстүрлі сөз жүйесінен тайқып та жүргендейміз. Тіп­ті таза, тұнық келетін ұлттық тілдегі бояу­ды да сұйылтып жатқандаймыз. Бұл назаландырады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста