Жылжымалы планетарий Ақтөбеде ғана бар

Ақтөбеде алдағы уақытта сандық стационарлық планетарий жұмыс жасайтын болады. Ақтөбедегі облыстық планетарий директоры Қорлан Бөлековтің айтуынша, былтырдан бастап мобильді жылжымалы сандық планетарий жұмыс жасап келеді.
– Қазіргі уақытта жылжымалы сандық планетарийдің көмегімен Атырау облысы мектептерінде балаларға дәрістер өткізіп жатырмыз. Мұның алдында Батыс Қазақ­стан облысында болдық. Алдағы уақытта Маңғыстау, Қызылорда облыстарына сапар­ға шығамыз. Мұндай жылжымалы планетарий тек Ақтөбеде ғана бар. Оған 25 бала сыяды. Рас, еліміздің басқа өңір­лерінде осындай жылжымалы плане­тарийлер сатып алып, ақылы қызмет көрсетіп жүрген бір-екі жеке кәсіпкер бар екенін естідім, – дейді Қ.Бөлеков.
Жалпы, Ақтөбедегі планетарий  Қазақ­стандағы жалғыз стационарлық плане­тарий болып есептеледі. Оның ашылу тарихы да қызық. 1967 жылы Ақтө­бе өңірінде астық бітік шыққан екен. Сол жылы жергілікті еңбеккерлер Германияға астық жөнелтіп, немістер сыйға сый жаса­мақ ниетпен ақтөбелік диқандарға кере­мет оптикалық аппарат ұсынады. Қорапқа салынып, сыртына немісше жазылған бұрын-соңды көрмеген аппараттың не екенін ешкім біле алмайды, осылайша ол қоймада екі-үш жыл жатып қалады. Кейін сол кездегі облыстық комитеттің бірінші хатшысы Н.Журин оның астрономия әлемін қызықтаушылар үшін қажетті аппарат екенін біліп, Мәскеуден мамандар шақырып, қазіргі планетарий ғимаратын салдырады. Қазір бұл құралдың Қазақ­станда баламасы жоқ деседі. Мұндай құрал қазір тек Жапония мен Америкада ғана шығарылатын көрінеді.
Қорлан БӨЛЕКОВ, Ақтөбе облыстық планетарий директоры:
– Қазір әлемде 4 мыңға жуық планетарий жұмыс жасайды. Бұл өте аз. Оның 50 пайызға жуығы – Амери­када, 40 пайызы – Еуропа елдерінде, 10 пайызы – Жапонияда, 1 пайызы ғана – ТМД елдерінде, соның ішінде Ресей мен Қазақстанда. Ресейде – 40, Қазақстанда үш планетарий жұмыс жасайды. Бірі – Алматы қаласындағы Оқушылар сарайындағы астрономия үйірмесі есебінде тұрған планетарий. Екіншісі – ЮНЕСКО-ның шешімімен халықаралық астрономия жылы болып жарияланған 2009 жылы «Бөбек» орталығының жанынан балаларға арналып ашылған обсерваториядағы планетарий. Үшіншісі – Ақтөбедегісі. Үшеуінің ішінде біздің планетарий ғана заңды тұлға ретінде тіркелген.

Биыл Кеңес Одағының Батыры Виктор Пацаевтың туғанына 80 жыл толуына байланысты облыстық планетарийдің ұйым­дастыруымен «Астрон – 2013» атты астрономия конференциясы өткізіледі. Оған қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен жерлесіміз, ұшқыш Юрий Лончаков қатысады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста