Кеше Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі дода Әбілқайыр ханның 325 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Ақтөбе жұрты айтысты 8 сағаттан аса уақыт тапжылмастан қарады. Ал жүлделі орындар табысталар тұста Жүрсін Ерман айтыстың әділқазыларын ұялтып тастады.
"Біздің әділқазылар келіп отырып, тақтайды көтергені үшін ақша алады. Ал Асанәлі ақша береді", - деді Жүрсін Ерман.
Ақтөбеде өткен айтыста Асанәлі Әшімов қорының 1 мың доллар сыйақысы Дидар Қамиевқа табысталды.
Бас жүлдені жергілікті ақын Ершат Қайболдин иеленді.
Айтысқа қатысқан 18 ақын да сыйсыз қалған жоқ. Үшінші орын алған үш ақынға 500 мың теңгеден табысталды.
Екінші орын алған Ринат Зайытовқа Ақтөбеден миллион теңге бұйырды.
Ал бірінші орынның 1,5 миллион теңгесін Болатбек Оразбаев иеленді.