Журналистердің естеліктері «Солай болған»

«Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігі Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні құрметіне орай тілшілер қауымын құттықтап, есімі елге белгілі журналистердің естеліктерінен құралған «Солай болған» және «Был случай» атты екі жинақтың тұсауын кесті. Аталған екі жинақты «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп және «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы Александр Тараков құрастырыпты. Республикалық, өңірлік және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары жиналған шараға Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев пен мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай арнайы келіп, әріптестерді мерекелерімен құттықтады.
«Бұқаралық ақпарат құралдарының аза­маттардың ақпарат алу құқығын және еркіндігін қамтамасыз ететін ең ұтымды тетік екендігі баршаға мәлім. Қоғамның көңіл күйі қандай болса, біздің жур­на­лис­ти­камыз да сондай. Дегенмен де осы қо­ғамды адастырмау, болған оқиғаның жай-жапсары анықталмай жатып, дәйексіз ақ­пар таратып, елді дүрліктірмеу көп жағ­дайда ақпарат айдынында жүзген бұ­қа­ралық ақпарат құралы «капитанына» бай­ланысты. Сондықтан да кеме бас­шы­ла­ры­ның,  яғни бас редакторлардың иығында өте ауыр жүк тұрғаны айтпаса да түсінікті», – деді осы шараның мәнін ашқан «Бас ре­дак­тор­лар клубының» президенті Кенжеболат Жолдыбай. Ал мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай тілшілер қауы­мы­ның бүгінгі қол жеткізген жетіс­тіктері ауыз толтырып айтуға тұрарлық екеніне тоқталып: «Олар қоғамымыздың дамуына, ақпарат саласының ашық болуына өз үлестерін жоғары дәрежеде қосып келеді. Республикалық, аудандық, өңірлік ба­сы­лым, телеарналар, ғаламтор ре­сурс­та­рындағы ақпарат құралдарының ортақ мақсаты – қоғамға сапалы ақпарат жеткізу. Осы тұрғыдан алғанда, сіздердің ең­бек­теріңіз ұшан-теңіз», – деп бағалаған министр барша журналисті төл мерекесімен құттықтап, игі тілегін айтса, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағ­лан Майлыбаев мырза ел Тәуелсіздігін алған жылдарда ақпараттық кеңістігіміз түбегейлі өзгергеніне тоқталды. «Отандық жаңа меди­анарық қалыптасты. Қазіргі таңда елімізде 2700 бұқаралық ақпарат құрал­ы оқырман қауымға жол тартуда. Мем­ле­кеттік емес бұқаралық ақпарат құрал­да­рының саны мемлекеттік ақпарат құ­­рал­­дарынан үш есеге артты», – деген  Б.Асаубайұлы бір топ редакторға өз қолымен сый-сияпат тапсырды.
Нұртөре ЖҮСІП, «Солай болған» жинағын құ­рас­тырушы, «Айқын» газетінің бас ре­дак­торы:
– Журналистің жұмысы – жүйке мен жү­ректен өтетін ауыр жұмыс. Кітаптың алғы сөзін жазған Дархан Қамзабекұлы: «Журналистика – қайнаған өмірдің өзі», – деп атап көрсетеді. Міне, сол қай­наған өмірдің иелері – ақпарат ай­ды­нында әрдайым алда жүретін қалам иелерінің кәсіби қызметі барысында бастан кешкен әрі бұқара назарынан тыс қалған қызықты оқиғалары мен хикая­лары осы жинаққа арқау болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста