Журналистер де «Болашақ» арқылы шетелде оқуы мүмкін

Журналистер де «Болашақ» арқылы шетелде оқуы мүмкін

Еліміз Тәуелсіздігін жариялаған қиын-қыстау кезеңдері, дәлірек айтқанда, 1993 жылы қат мамандарды даярлау үшін Елбасы «Болашақ» стипендиясын тағайындаған-ды. Биыл бағдарламаның дүниеге келгеніне 20 жыл толып отыр. Осы аралықта, әлемнің 30-дан астам елдерінде халықаралық Шанхай, «Times» рейтингіне енген беделді университеттерінде білім алған мыңдаған «Болашақ» түлектері түледі. Ендігі кезекте, отандық журналистердің де шетелде білімін жетілдіріп, тағылымдамадан өтуі үшін арнайы квота қарастырылмақшы. Бұл турасында кеше Астанада өткен «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында БАҚ саласы мамандарын даярлау бағдарламасының» таныстырылымында мәлім болды.
Жалпы, «Болашақ» бағдарламасының дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, 2005 жылға дейінгі даму кезеңі. Бұл уақыт аралығында 800-ге жуық қазақстандық азамат әлемнің төрт елінде, атап айтқанда, Германия, Ұлы­бри­тания, АҚШ, Франциядан білім алған. Ал 2005 жылдан бастап, Елбасының шешімі­мен стипендиаттардың қатары 3000-ға артты. Соған сәйкес, түлектердің білім ала­тын оқу орындарының саны да ұлғайды. Әлемнің 33 елінде 200-ге жуық жоғары оқу орындарынан дәріс алуда. Білім және ғылым министрлігі Стратегия­лық жоспар­лау және ақпараттық техноло­гиялар де­пар­таменті директорының орын­басары Ақерке Абылайханның ай­туын­ша, «Бола­шақ» бағдарламасы 2010 жылдан маман­дарды мақсатты түрде даярлауға ден қой­ды. «Мемлекеттік қызметкерлерге, педа­го­гикалық мамандарға арнайы квота таға­йындалды. Сонымен қатар 2012 жы­лы ал­ғаш рет медицина, инженер-техни­ка­лық мамандарға, мектеп мұғалімдеріне шетелдің кез келген оқу орындарында «Болашақ» стипендиясы шеңберінде тағы­лымдамадан өтуге мүмкіндік жасалып отыр», – дейді А.Абылайхан.
Ақерке АБЫЛАЙХАН, ҚР Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары:
– Қазіргі кезде көптеген журналистерден тілдік курстардан өтуге қатысты өтініштер түсіп, арнайы квота бөлу идеясын ұсынып жатыр. Себебі квота шеңберінде алдын ала тілдік курстар оқытылады. Шет тілді меңгеру басты талап екендігін ескерсек, ағыл­шынша білмеген журналист шетелге оқуға бара алмайды. Сондықтан, ағылшын тілі­нен базалық деңгейі болуы шарт. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде кадрлар даяр­лау мәселесіне арналған кеңесте журналистердің магистратура бойынша білімін жетілдіруге, шетелде тәжірибеден өтуге квота қарастыру мәселелері талқылануда. Бұдан бөлек, ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысып жүрген журналистер қазірдің өзінде байқауға қатыса алады. Олардың ғылыми-педагогикалық мамандарға арналған квотамен бір айдан бір жылға дейін шетелде тәжірибеден өту мүмкіндіктері бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста