Қоғамда, әсіресе, әлеуметтік желіде ел Шымкент қаласының Наурыздағы шарасына жұмсалған 500 миллион теңгеден астам қаржыны есебін Майғазиевтен сұрады. Ал журналист Мият Кәшібай әншінің жақында тағы бір келісім-шарт жасағанын алға тартты.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Жұмсалған миллиондарға байланысты басы дауға қалған Майғазиев қызметінен кетті. Шымкент қалалық мәдениет басқармасы оның Мәдениет үйі жетекшілігінен өз еркімен кеткенін мәлімдеді.
Сәкен Майғазиев шығармашылық жұмысының көбейюіне байланысты қызметінен босатуды сұратып, өтініш білдірген деді. Әншінің тікелей өзінен пікір алу мүмкін болмады.
Қоғам белсенділері Сәкен Майғазиев басқарған Мәдениет үйі арқылы 500 миллионнан астам сомаға түрлі шаралар өткізу үшін тендерлер жарияланғанын, алайда оның есебі ашық болмағанын наурыз айының соңында жазған болатын. Бұл мәселеге журналистік зерттеу жүргізген "Қазақ таймс" порталының тілшісі Мият Кәшібай Сәкен Майғазиев "Түркістан сарайы" директоры болып тұрып, жақында тағы бір мемлекеттік сатып алу жасаған дейді. Тілшінің айтуынша, "Түркістан сарайы" Шәмші әндерінің концертін өткізу үшін қызметін небәрі бірнеше күн бұрын ғана бастаған кәсіпкермен құны 60 млн теңгеге келісімшарт жасасыпты.
"Цимедиагрупп" он алтыншы шілдеден екі күн бұрын ғана мемлекеттік тіркеуден өткен компания. Сондай мемлекеттік тіркеуден өткеніне екі-ақ күн болған компанияға не себепті бір көзден алпыс миллион тендер бергені бізге түсініксіз”, – деді журналист.