Еліміздің алғашқы білім және мәдениет министрі (нарком) Темірбек Жүргеновті жаламен қамауға алып бара жатқанда Темкең артына бұрылып бір қарапты. Зайыбы Дәмеш Ермекова жылап тұр екен. Одан кейін екеуі бір-бірін көрместен өмірден өткен. Түрмеге қанша барғанда кездестірмепті екеуін. НКВД Темкеңнің үйіне келіп, Дәмеш апайдың киімдеріне дейін тексерген. Барлық құжаттарды, суреттерді алып кеткен. Сөйтсе, керуерттің тұсына қалықтап барып бір сурет түсіп қалған. Оны Дәмеш апай жүрегінің тұсында жиырма жылдай сақтап келген. Қазірде газетте де, кітапта да басылып жүрген жалғыз сурет сол! ТАЖАЛДАР бәрін құртыпты!