Жүрегімнен шығатыны – халық әндері

Гүлзира БӨКЕЙХАН, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
Астананың мәдени өмірінде тағы бір үлкен мереке. Дегенмен бұл мерекенің жөні бөлек. Себебі онда қазақ халқының әндерін ешбір бояма­сыз тыңдап, төл өнерімізді бар жан-тәнімен сезінуге мүмкіндік бар. Мау­сым­ның 19-ы күні Назарбаев орталығының концерт залында еліміздің ең­бек сіңірген қайраткері, әнші Гүлзира Бөкейханның «Жүрегімнен шық­қан ән» атты кеші өтеді. Бүгінде халық әндерінің табиғатын дауысы­мен ғана емес, ұлттық киім-кешек үлгілерімен де барынша ашып, елдің риза­шы­лы­ғы­на бөленіп жүрген Г.Бөкейхан бізге сұхбат беріп, «Алаш айнасы» газе­ті оқыр­­мандарына ертеңгі ән кешінің кейбір құпия тұстарын ашып беру­ге келіс­т­і.

– Мінеки, араға үш жыл салып ке­зек­ті кешіңізді өткізгелі жатырсыз. Оған не түрткі болды?
– Биыл елордамызға – 15 жыл. Осы уақыт­тың ішінде мен де Астанамен бірге өсіп, әнші ретінде қалыптастым. Қаланың мә­дени өмірінде өз орнымды таптым деп ой­лай­мын. Сол себепті Астананың 15 жыл­ды­ғына орай «Жүрегімнен шыққан ән» атты кешімді қала халқына тарту еткенді жөн көрдім. Ол менің сахнадағы өмірімнің жарқын бір кезеңін паш етпек. Кештің бірінші бөлімінде барлық әндер жанды дауыспен орындалса, екінші бөлімде Тар­бағатай, Алатау және Көкшетау жерінде түсірілген бейнеклиптер көрсетіледі. Оның барлығы менің жаңадан шыққан аудио және бейнетаспама енді. 
– Кешіңізде сіз сол таспаңыздың тұ­саукесерін жасайды екенсіз. Ал оған қан­дай әндер енді? Газет оқырманда­ры­на алдын ала айтсақ болатын шы­ғар...
– Әрине, болады. Астананың 15 жыл­ды­ғына орай шыққан таспа екі бөлімнен тұра­ды. Біріншісі – DVD диск. Оған «Тер­беле­ді тың дала», «Қыз дәурен – ақ бота», «Ір­кужан», «Сағыныш», «Туған жер», «Қа­за­ғым, елім», «Аңсау», «Гүлдариға», «Қа­зы­на-ай», «Арман-Астана», «Угай-угай», «Жел­сіз түнде жарық ай», «Көк өзен», «Аға­жай-Алтай» сияқты жеке авторлар мен халық әндерінің бейнекөріністері ен­ген. Сондай-ақ «Алпамыс» музыкалық дра­­ма дастаны мен «Қыз Жібек» опера­сының үзінділері бар. Онда мен Гүлбаршын және Жібектің рөлін сомдаймын. Ал екінші CD дискіде «Жайдарым», «Қайықта», «Ба­қ­ыт­тымын құрбылар», «Көк өзен», «Қар­ғаш-ай» сынды барлығы 15 ән топтас­ты­рылған. Осыдан алты жыл бұрын менің «Құр­­манғазы» мен «Отырар сазы» ор­кестрлерінің сүйемелдеуімен бір үнтаспам шық­қан болатын. Енді қазіргі жастар он­дайды көп қабылдай бермейді ғой. Сон­дық­тан осы жолғы үнтаспаға эстрадалық ән­дер енді. Оның ішінде жаңа шығармалар да бар.
– Демек, сізді жастарға жақын бо­ла­мын деп эстрадаға қарай ығысып келе жатырсыз деуге бола ма?
– Енді мен эстрадалық әндерді орын­да­сам да, табиғатым халық әндері ғой. Оны қазіргі жастарға жеткізу – менің негізгі мақ­сатым. Сол себепті музыканы әрлеу мә­се­лесіне келген кезде мен қажетті маман­ды ұзақ іздедім. Содан Алматы қаласына ба­рып, Оралхан Сәдуақас деген ағамыздың кө­мегіне жүгіндім. Оның кәсіби шеберлігі сол, эстрадаға қатты кетіп қалмай, әннің қа­­зақи болмысын барынша сақтауға тыры­са­ды. Ең бастысы, бүгінгі жастарға ұнап жүр.       
– Ән кешіңізге «Сарыарқа» ұлт ас­пап­тар ансамблі мен «Шалқыма» халық би ансамблі қатысады. Бұдан бө­лек, Қазақстанның эстрада жұл­дыз­дары болады деп жазылған. Олар кімдер?
– Мәселен, Еділ Құсайынов деген аға­мыз бар. Оның бастамасымен  «Керулен» ат­ты этнотоп құрылған болатын. Жас әнші Нұр­бол Балапановты да тамаша әнші дер едім. Биыл ол 23 жасында «Дарын» мем­ле­кеттік сыйлығына ие болды. Жастар сый­лы­ғының лауреаты Нұрғали Төлебек­ов те өз өнерін паш етпек.    Сосын екеуі­міз қос да­уыспен айтатын әндер шырқа­лады.
– Ән кешіңіз бен үнтаспаңыздың атауы бір – «Жүрегімнен шыққан ән».  Бір­аз әндерді орындап жүрсіз ғой. Де­генмен нағыз «жүрегімнен шыққан ән» дейтін шығармаңыз бар шығар?
– Сазгер өзі жазған әндердің бәрін ту­ған баласындай көріп, біреуін ерекше ата­майды ғой. Сол сияқты біз де шын жүрек­тен айтып, оған қатты дайындаламыз. «Ән айтсаң, жаныңды жеп айт», – дейді. Дей тұрғанмен жүрегімнен шығатын әнім бар. Ол  – халық әндері.
– Сұхбатыңызға рақмет, ертеңгі ән кешіңіз сәтті өтсін деп тілейміз!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста