«Жұмада бір сағат бар...»

...Былай ойлап қарасаң, су неге тоқтаусыз ағады, жел неге үздіксіз соғады, ауа неге таусылып қалмайды, жер қайтіп бүкіл тіршілікті көтеріп тұр, аспан неге түсіп кетпейді, адамнан қалай адам пайда болады?.. Осыны қызықтап сұрасақ «тек!» деп шошып кететін ауылдағы апаларымыз баяғыда «ол – Құдайдың құдіреті!» деп, бір-ақ ауыз сөзбен қысқа қайыратын...
Қайран, сол қариялар дін жөніндегі шала сауатымен-ақ көкірегімізге көп нәрсені құйып кетті. Имандылықтың мәнісін жете түсінбей жатып-ақ, біз біреуді жазықсыз жәбірлемеу, кісінің сыртынан ғайбат сөз айтпау, ешкімнің ақысын жемеу, жан баласын жатсынбай, бауыр тұту, әлсізге болысу, мұқтажға жәрдемдесу деген асыл қағидаларды өмірлік ұстанымымызға айналдырдық. «Халал» сөзі тілдік қолданысқа енбей тұрып-ақ, адал ас іштік.
Осының өзі – жалпы, қазақ баласының тумысынан таза, текті болып келетіндігінің айғағы. Белгілі бір кезеңдердің ұлты­мызды да, ұрпағымызды да ептеп адастырғаны рас. Бірақ дінде, бетбұрыс тұрғысынан алғанда, соңғы уақытта жақсы өзгерістер байқалады. Жастар лек-легімен мешіттерге ағылуда. Тіпті өздері: «Бұрын бізді үлкендер «бұзылып кетті, ішкілікке құмар» деп кінәлаушы еді. Қазір бізде арақ ішу мода емес, намаз оқу, ораза ұстау – мода», – деп әзілдейтін болыпты. Қалай дегенмен де, Құранды төрге қастерлеп іліп қою немесе тыйым салынған нәрселерден тыйылу аз. Бүкіл жан дүниеңмен бойсұнып, күнделікті ұстанған жағдайда ғана дін өмірлік діңгегіңе айналады... Ең бастысы, жастар осыны түсінген. Бес уақыт намазды әдетке айналдырып үлгермегендерінің өзі жұма намаздан қалмауға тырысады. Мұның мәнісі олардың өзіне сана-сезім, жүрек беріп, адамдық болмыс сыйлаған шексіз құдірет иесін танып-білуге талпынуында жатыр. Шынымен де, ақыл-есі түзу, он екі мүшесі түгел адамның өзін «соншалықты махаббатпен жаратқан» Алла тағалаға иман келтірмеуінің, аптадағы жеті күннің ең болмағанда біреуін Жаратушыға құлшылыққа арнамауының жөні бар ма?

Діннің негізі – отбасы. Әрбір отбасында иман ұйығанда барып, бүкіл елде береке-бірлік орнайды, жұрттың бір-біріне деген ниеті түзеліп, адамгершілігі, бауырмалдығы артады. Хадиске жүгінсек, жұмада «харамнан басқа тілегіңнің бәрі орындалатын бір сағат бар». Дүние өрте­ніп кетсе де, жұмыстың бәрін жиып қойып, тілеу тілеудің, құлшылық етудің сыры да, бәлкім, сол «бір сағатты» күтуде жатқан шығар. Осы орайда «Адамға сенген мұрттай ұшады, Аллаға сенген құстай ұшады» деген қарапайым пәлсапамен-ақ, хақ Тәңірге иман келтірудің артық­шылығын айтып кеткен дана халықтың ең ізгі дін – исламға жас-кәрі демей, жаппай бас қояр шағы туатынына сенгің келеді.
Бүгін – жұма. Қасиетті хадисте айтыл­ғандай, «бұл – күн шыққан күндердің ішіндегі ең жақсысы. Жұма күні – Ораза айты мен Құрбан айтынан да ұлығырақ. Өйткені осы күні Алла тағала Адамды (ғ.с.) жаратты; осы күні Адам (ғ.с.) жерге түсті; осы күні Адам (ғ.с.) қайтыс болды; Қиямет жұма күні болады. Сондықтан періштелер, аспан, жер, жел, тау, теңіздер – барлығы да жұма күнінен қорқады...»

...Тек біз ғана қорықпауымыз мүмкін. Себебі пендеміз: көпшілігіміз көзіміздің алдындағыдан арғыны көрмейміз, құлағымыз шалып қалғаннан басқаны естімейміз. Жүрегіміз болса да, өліп қалған. Жаратушымыз: «Өзім жаратқан он сегіз мың ғаламда мен еш жерге сыймаймын. Тек иман келтірген пендемнің жүрегіне ғана тұрақтаймын», – деген екен. Дінсіздіктің, жалпы, Құдайын танымаудың себебі де – «өлген» жүректің ештеңеге селт етпейтінінен болса керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста