"Жұлдыздарға" заң жүрмей ме?

Күнде жиын, күнде той! Құдалық та, ұзату да, беташар да дүркіреп өтіп жатыр. Шектеу шарасын пысқырып жатқан жан баласы жоқ. Арасында халық алдында жүрген өнер адамдары да бар. Алайда, босаңсуға болады деген сөз емес бұл. Ел бойынша 600-ге жуық той иесіне ірі көлемдегі айыппұл салыныпты. Бірақ бір қызығы, бұл тізімде дүбірлетіп той өткізіп, карантиндік тәртіпті бұзған сахна серкелері мен еркелері жоқ. Неге? "Жұлдыздарға" заң жүрмей ме?

 

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 

Президент тойды, той туралы ойды ұмытыңдар деді. Сөз жүзінде солай-ақ шығар, бірақ іс жүзінде көрініс басқа. Тығылып той өткізгендерді көз күнде көріп жүр. Беташар, ұзату, құдалықты та жарысып, жасырын түрде жасап жүр жұрт.

 

Әли Оқапов, әнші:

 

"Келесі жылы мә, 30 келіп қалам айтпақшы. 30-ға дейін осы сұрақты жабу керек сияқты. Өзіме сондай талап қойдым. Және де барымды саламын".

 

Биылдан қалмай "үйленемін" деп жалпақ жұртқа уәде еткен Әли Окапов та сөзінде тұрды. Әншіге елдегі карантин де кедергі болмапты. Бірнеше апта бұрын Роза Рымбаеваның тұңғышы қолына құсын қондырып, анасының көптен күткен арманын орындапты.

 

Мақпал Жүнісова да күнде жиын, күнде тойда жүр. Қысқасы сахна саңлақтарының өзі заңды пысқырып жатқан жоқ. Дегенмен, тәртіп бәріне бірдей емес пе? Астыртын тойға елде тыйым, ал талап бұзғандардың жайы қиын! Екі айда 600 ге жуық адамға айыппұл салыныпты. Көлемі де аз емес. Берісі 80 мың, арысы бір жарым миллион теңге.

 

Жанна Піралиева, қалалық тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаменті бөлім басшысының орынбасары:

 

"Той жасап бұзушылық жасаған кезде той иесіне 30 МРП көлемінде айыппұль салынады. Ал ресторан қожайынына кіші бизнес болса 230 МРП, орта бизнес болса 310 МРП, ал ірі бизнес болса 1600 МРП айыппұл салынады".
Бұл тек СЭС мамандарының назарына іліккендері ғана. Айтпақшы, айыппұл арқалағандардың қатарында әлгіннен айтып жатқан әншілер жоқ.

 

Ерсейіт Әлім, қоғам белсендісі:

 

"Заң негізі бәріне бірдей болу керек қой. Бірақ дейттұрғанымен айналып келгенде айыппұлдарды төлеуі керек адамдардан гөрі, соңғы ақшасына қонақ шақырған адам белшесінен қарызға батып жатады".

 

Жұлдызды той министр Цойдың да назарына ілінген еді. Ведомствоның ресми өкілі "анықтаймыз, жазалаймыз" деп сендірген-ді. Соңында құр сөз болып қалған сияқты.

 

Дегенмен ұят болмасын деді ме, әйтеуір Әли Оқаповтың тойы өткен мейрамхана иесіне 41 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Иә, бақандай 41 мың теңге.

 

Олардың тойлары үйде иә табиғат аясында жасалыпты-мыс. Бірақ, еліміздің бас санитарының қаулысына сәйкес, кез-келген отбасылық отырыстарға тыйым салынған емес пе?

 

Жанна Піралиева, қалалық тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаменті бөлім басшысының орынбасары:

 

"Егер де үйде де жасап жатса, коттеджде жасаса да, осы айыппұлдар қарастырылған. Оларға 230 АЕК көлемінде айыппұл салынады".

 

Сонда сахна серкелеріне әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ па?

 

Ыбырайым Бабаев, қоғам белсендісі:

 

"Тамыр-таныстың ортаға қосылып, мәселені той жасайтын кезде үлкен ағалары болсын, қызметте отырған ағаларының абыройын пайдаланып, 100-120 адамдық тойларды жасап, сытылып кеткендері бар".

 

Хош. Біреуді ақтаудан, өзгесін даттаудан аулақпыз. Бастысы жас жұбайлар бақытты болсын! Бірақ қалай болғанда да, тәртіп бәріне бірдей болуы шарт. Анығы осы.

 

kaz.zakon.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста