Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты

Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты

Жұлдызай өзінің желідегі парақшасында қызының суретін және күйеуінен ажырасып кеткені жайлы жария етіп, Алланың маған берген сыйы осы. Қызым үшін өмір сүріп жатқан жанмын. Папасы қыз болады деген кезде «неге ұл емес» деп ренжіген болатын. «Неге үнемі екеуіңіз ғана жүреміз» деген сұраққа жауап беретін кез келді.

 

Актриса марқұм ата-енесін еске алып, күйеуінің туыстарымен қоштасқанын жасырмай айтты.

 

«Бала кезімде нағашы атама «аспандағы жұлдызды әперші» дейді екенмін. Марқұм атамның әперіп, маңдайыма таққан жұлдызы, Алланың қалауымен, шүкір, жанды. Оны өшіруге ешкімнің хақысы жоқ.

Апам мен келін болып түскенде басыма орамал салып еді. Жақсы жан Апа, жүз жасасыңыз. Алдына барып, сыйымды жасап, мүмкін байқамай ренжіткен жерім болса, ренжімеңіз деп кешірім сұрап, батасын алып, әулетпен қоштасып шықтым.

8 жылдан аса жаман келін болмадым, қолымнан келгенше тырыстым.

Атам марқұм батасын беріп, «ризамын» деп көз жұмды. Атам керемет жан еді. Әттең, өмірден ерте кетті. Ол кісі барда қыз – төрде, келін – қызметте болып, бәрі өз орнымен жүретін. Қазір бәрі басқаша. Үлкен әжеміздің көзін көрмесем де түсіме еніп, орамал салып батасын о баста берген», — деді.

 

Актриса соңғы кездері денсаулығы сыр беріп жүргені туралы айтқан болатын.

 

«Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы әке. Бірақ бұл өмір, жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім. Алла ғұмыр берсін, әркім бақытты болуға лайықты. Ол да, мен де», — деп жазды.

 

 

JQ- Aqparat

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста