Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында кезекті туындысын бөлісті. Айтуынша, бұл ән әйеліне арналған, деп хабарлайды Sputnik.
Танымал әнші жаңа әнін тыңдармандарына тарту етті. Әннің тұсына ол "Жұлдызым, сен менде ғана барсың" деп жазып қойған екен.
Көпшілік олардың махаббаттарының беріктігіне тамсана қарағандарын жазып жатыр.
"Сендей Қайрат бізде ғана бар. Жасай бер", "Жарайсың", "Қайрат, сенің Жұлдызың өз ата-анасының тәрбиелі қызы, сізге лайық жар, ана, әпке және қарапайым жан", "Күшті ән екен", "Бақытты болыңдар! Алла тіл-көзден сақтасын", "Жұлдыз өзінше болып қалған шығар" деп жазды желі қолданушылары.