"Жұлдыз FM" радиосы Кеңес Дүйсекеевтің әнімен хабар тарата бастады

Қазақстанда жастарға арналған тұңғыш радиостанция – "Жұлдыз FM" хабар тарата бастады. Бұл ақпарат құралы ел жастарының өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырып, биік құндылықтарға баулуды көздейді.
Радиостанция директоры Мәдина Өмірбекованың айтуынша, бұл жоба қоғамның өзінің қажеттілігінен туды. "Бізде тек қана жастарға арналған радиостанция болмады, соны ойлап, бұл идеяны кейінге қалдырмау керек деп ойладық, бірден тұжырымдамасын жасап, қолға алдық. Ақыры іске асырудың сәті түсті. Ойға алған уақыттан радионың эфирге шыққанына дейін екі жыл өтті. Бізді қолдағандар көп болды, шығармашыл жастар ұсыныстарын алып келді. Музыканттар да атсалысты", - дейді ол. Радио басшыларының айтуынша, "Жұлдыз FM" атауы өнер жұлдызы деген емес, жастарға қандай да бір бағдар боларлық жол көрсеткіш аспан денесі деген мағынада. "Жастарда дұрыс құндылықтар, дұрыс талғам қалыптасуы керек. Бұл радио еліміздегі жастардың мейлінше кең аудиториясына арналған, қазір Интернет бар, кітаптар бар, дегенмен аймақтардағы, еліміздің түкпірлеріндегі жастар үшін радио – олардан да қолжетімді ақпарат құралы. Жастарды қызықтыратын, қажетті дүниелердің бәрін беруге тырысамыз. Келешекте бұл жиілік аса таныла қоймаған шығармашыл жастардың өз қабілет-мүмкіндіктерін іске асыратын алаңына айналады деп ойлаймыз", - дейді Өмірбекова. "Музыкамен, ән жазумен, аранжировкамен айналысатын адамдардың бәріне есігіміз ашық, келіп хабарлассын. Біз жақсы туындыларды тегін қабылдаймыз. Бізде ротация, ақы деген ұғымдар жоқ. Дегенмен шығарма көркемдік жағынан сапалы болуы керек. Әннің мазмұнына айрықша мән беріледі. Радиода "Таңғы шоу", әзіл-сықақ бағдарлама, апта сайынғы "Үздік ондық" хит-шеруі және сағат сайын жаңалықтар болады. Басқа бағдарламалар әзірше құпия", - дейді радионың продюсері Әзімхан Ахмет.
Жаңа радиостанцияға қазіргі заманғы қазақ музыкасының абызы, белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев келіп, батасын берді. Оның радиоға сыйлаған әйгілі "Сәлем саған, туған ел!" әні енді "Жұлдыз FM" эфирінің негізгі музыкалық заставкасына айналады. Бұл ән жөнінде өнер қайраткерінің өзі былай дейді: "Мен шыққан Қызылорда өңірінде терме жанры, соның ішінде, мақтау-мадақтау термелері жақсы дамыған. Осы жанрмен сабақтас бұл ән Роза Рымбаева үшін арнайы жазылды. Роза Рымбаева шетелде концерттерін осы әнмен ашып, қазақ елінің сәлемін жеткізіп жүрді. Сөзінің өзі келіп тұр:
"Қазақ деген даламнан,
Әруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!"
Жақында Бейбіт Оралұлы бастаған композиторлар маған "Сізге дейін Әбілахат Еспаев, Әсет Бейсеуов, Шәмші Қалдаяқовтар вальс жазса, сіз келіп, нағыз эстраданы туғыздыңыз" деді. Мұның бәрі америкалық джазды жасырын тыңдағанымның арқасы шығар. Chicago деген рок-топ болды. Соны тыңдап, әуендеріне көңіл бөлдім. "Домбыра туралы баллада" әні де джаз-рок стилінде жазылды. Бірақ онда мақсатым басқа болды – қазақтың күйлерінің интонациялық байлықтары мен эстраданың жетістіктерін ұштастыру. Осы екі ән өзгеше бір төбе болып қалды". Композитор эстраданың қазіргі ағым-бағыттарын пайдаланғанда, оны құр көшірмелеп қоймай, өз қаныңа сіңдіру керектігін айтты. "Құр еліктеу мен көшірмелеуден қазақтың иісі жоқ дүниелер туады. Қазіргі кейбір шығармалардың қазаққа жат әрі Еуропада шығып жатқан нәрселерден айырмасы болмай қалатыны сондықтан. Ондай туындылардың түп-тамыры жоқ", - дейді Дүйсекеев.
"Жұлдыз FM" радиосына жарқын, патриоттық рухы бар, бірлікке үндейтін, өзекті, қазақы бояу бар негізгі көркемдеуіш әуен іздеп, көп композицияны тыңдадық. "Сәлем саған, туған ел!" әнінің алғашқы ноталарын естіген кезде-ақ біз бірнеше адам болып, бірауыздан "иә, бізге керегі – осы ән" дедік. Бұл - жылдар бойы маңызын жоймайтын, отаншылдық рухы бар, әсерлі, көңіл-күйді көтеретін салтанатты ән! Бұл – Кеңес Дүйсекеевтің ғажайып туындысы", - дейді Мәдина Өмірбекова.

Кеңес Дүйсекеев, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері:
- Біздің бәріміз - Президент айтқан "Мәңгілік Ел" идеясы үшін қызмет етіп жатқан адамдармыз. Бұл радионың "Мәңгілік Ел" идеясын іске асыруға келешегі өте зор деп ойлаймын. Себебі қай елдің де келешегі – жастар, сондықтан жастар үшін қызмет ететін радионың болашағы да жарқын болады. Қаны қазақ, жаны қазақ, түсінігі терең өнер адамы осы радиоға қызмет етуі керек деп есептеймін. Радионың келешегі жарқын болсын деген ақ тілек айтамын.
"Жұлдыз FM" радиосы 20 қазанда Қазақстанның 18 қаласында техникалық эфирін бастады. Жастар радиосы толыққанды хабар таратуға келесі айда ресми түрде кіріседі.
"Жұлдыз FM" радиосын мына жиіліктерден табуға болады:
Астана – 100,8
Алматы – 101,4
Көкшетау – 106,1
Ақтөбе – 106,3
Талдықорған – 100,4
Атырау – 107,2
Орал – 105,1
Тараз – 106,8
Қарағанды – 106,7
Жезқазған – 104,2
Қостанай – 104,4
Қызылорда – 102,4
Ақтау – 105,8
Шымкент – 89,2
Павлодар – 107,1
Петропавл – 106,3
Өскемен – 102,9
Семей – 106,5

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста