Жұлдыз Әбдікәрімова: Мен 10 жыл жұмақта өмір сүрдім
Қазақ эстрадасының хит әншісі Қайрат Нұртастың жары өзінің он жылдай халықтан жасырынып жүрген кезіне қатысты бар шындықты айтты. Жұлдыз Әбдікәрімова ол көпшілік ойлағандай азапқа толы уақыт емес, керісінше нағыз ғажап күндер болғанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдызды отбасының келіні Instagram парақшасында өз оқырмандары жиі қоятын сұрақтарға шынайы жауап беріп, олармен ашық сөйлескен.
Алайда, жаудырылған сауалдардың біреуі Әбдікәрімоваға аса ұнамай қалған көрінеді. Ол "Сіздің орныңызда 10 жыл шыдай алмас едім" деп пікір білдірген адамға бірден басып жауап қайтарды.
Қайрат Нұртастың жары өзінің елден жасырынып жүрген кезін нағыз қамақта отырғандай күйге теңеп жүргендердің болжамын жоққа шығарды. Көпбалалы ана ол кезде де дәл қазіргідей бақытты болғанын айтты.
"Мен 10 жыл қамақта емес, жанұя деген жұмақта өмір сүрдім әлі де сүріп келемін. Ол шыдай алмас азап емес, нағыз ғажап күндер. Сондықтан олай ойлауыңыз қате дер едім" , - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова желіде шу тудырған қысқа киімді ару туралы бейнероликке қатысты өз пікірін білдірген болатын. Ол еркектер "қысқа кидің" деп қыздарға бас салмайтынына кім кепіл екеніне шүйлікті.