«Жүдеп қалыпты»: Белгілі ақын Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды

«Жүдеп қалыпты»: Белгілі ақын Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды

Былтыр танымал ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскен еді. Дәрігерлер оның ауруы асқынып, сепсиске айналғанын айтқан болатын. Кейін өнер иесі Швейцарияға емделуге кеткені белгілі болды. Кеше Желіде ақынның шәкірттері оның суреттерін жариялап, жағдайы қалай болғанын жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақын Қазырет Бердіхан Жүрсін Ерманның денсаулығы жақсарғанын айтты. 

"Өзбекстаннан Талғат Орынбек деген тамаша талант, айтыскер бауырымыз Журсин Ерман көкемізге амандаса келіпті. Көкеміздің денсаулығы жақсарып, далаға шығып, таза ауа жұтып жүрміз", - дейді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.


Желі қолданушылары Жүрсін Ерманға мықты денсаулық тілеген.

"Жүкеңе Құдай қуат берсін...", "Сауығып, аттай шауып кетсін. Ауырып тұрдың, аунап тұрдың деген", "Жүдеп қалыпты, Алла қуат берсін!", "Алла ұзақ ғұмыр берсін көш бастар қара нарымызға!", "Құдай қуат берсін! Жүз жасасын!" - дейді пікір жазғандар. 

Сондай-ақ, Қазырет Бердіхан айт қарсаңында бүкіл ақын Жүрсін Ерманның шаңырағында жиналғанын айтады. Кадрлардан Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев секілді танымал өнер иелерінен бастап, Мұхтар Ниязов, Аманжол Әлтаев секілді айтыскерлер де көрінеді. Ал ортада Жүрсін Ерман отыр.

"Айт күні айтысқа қатысы барлардың біразы Жүрсін көкеміздің шаңырағында бас қосты! Мұхтар Ниязов айтпақшы, айттан айтқа, айтыстан айтысқа аман жете берейік!" - деп жазған ол.


Айта кетейік, Жүрсін Ерман - ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Оның "Жанартау", "Арайлы күн, армысың!", "Ұлытауға бардың ба...", "Құдіретке жүгіну", "Екі тізгін, бір шылбыр", "Құстың көлеңкесі", "Ырғай", "Арнадым сізге", "Көктөбедегі кездесулер", "Алыстан және жақыннан", "Гөй-гөй" атты кітаптары бар.

Еске салайық, бұған дейін танымал ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын. Ал кейін дәрігерлер Жүрсін Ерманның денсаулығына қатысты пікір білдірген еді. Сондай-ақ, Швейцарияда емделіп жатқан Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды. Кейінірек шетелде ем алып жатқан Жүрсін Ерман Алматыдағы айтыстардың бірінде көзге түсті. 

Massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста