Ақтөбеде «Жұбанов көктемі -2009» халықаралық фестивалі өтті. Өткен жылы аталмыш байқау халық аспаптар оркестрлерінің өнерпаздары арасында болса, биыл хор жанрынан өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Бұл жолы ақтөбелік көрермендер 11 қаладан келген 17 ұжымның өнерін тамашалады.
Биылғы жылғы фестивальдің ерекшелігі – қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылған жоқ. Талапкерлердің ең үлкені биыл 85 жаста болса, ең жасы 8 жастағы мектеп оқушысы.
Фестивальге қатысушылар алдымен әкелі-балалы Ахмет пен Ғазиза Жұбановалардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етуден бастады.
Фестивальді ұйымдастырушылардың басты мақсаты – көпшілікті Қазақстанның жақын және алыс шетелдерінің осы заманғы музыкалық хор өнерімен таныстыра отырып, Ахмет пен Ғазизаның шығармаларын насихаттау, хор музыкасының әртүрлі ағымдарын, бағыттарын танымал ету, хор орындайтын білімі бар таланттарды табу.
Екі күнге созылған байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Өскеменнен келген музыкалық колледждің студенттері алса, бірінші орын Жезқазған, Уфа, Екатеринбург, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстарынан келген өнерпаздарға бұйырды. Қалған екі орын ақтөбеліктер мен маңғыстаулықтарға бұйырды.
«Жұбанов көктемі» келді
Последние статьи автора