Зиялылар не дейді?!


Ержан Қосбармақов, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
– Биыл Тәуелсіз Қазақстан үшін тағы бір тарихи жыл болмақ, біріншіден біз 20 жылдықты артқа тастап, Тәуел­сіздігі­міз­дің 21-ші жылын қарсы алсақ, екіншіден биыл біз тарихта бірінші рет Тұңғыш Президент күнін ел болып атап өткелі жатырмыз. Жалпы, Ел менен Тәуелсіздік ұғымдары туралы сөз қозғалған жерде Елбасымыз жайлы айтпау мүмкін емес. Оның себебі баршамызға аян. Ал соны түсініп, бүгінде осындай бір шешімге келуіміз, яғни, ел тарихында айрықша орынға ие азаматқа арнайы бір күн арнап, мереке етіп тойлау – бұл біздің саналы түрде үлкен бір белеске шығуымыз іспетті. Жалпы, біздің буын күні кешегі кеңестік дәуір мен бүгінгі Тәуелсіздік заманын, осы екі ортадағы өтпелі кезеңді өз көзімен көрген тірі куәміз, сол тұрғыдан келгенде бүгін біз қазақ деген егемен елміз, өз Туы, өз Елтаңбасы, өз Әнұранымыз бар және соған сай даму деңгейіне қол жеткізіп жатырмыз. Небары 20 жыл бұрын баз біреулер үшін бұл ақылға сыймайтын іс, тіпті ертегі іспетті болса, бүгін ол кәдімгі шындық. Сондықтан Тәуелсіздік – біз, яғни барша қазақстандықтар  үшін басты құндылық. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтауға тиіспіз. Ал Тұңғыш Президент күніне келсек, бұл да біздің төл мерекеміз, күллі халық болып тойлағалы отырмыз. Біз Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі өз тарапымыздан осы тойға үлес қосып, Елбасымыздың жастық шағы мен еңбек жолын бастаған өңірлерін аралай концерт беруді бастап та кеттік. Бұйырса сол желтоқсанның 1-і күні Астанада өтетін үлкен концерт аталған мерекеге біздің шашуымыз болмақ.


Жеңіс Сейдоллаұлы, әнші, сазгер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– Мұндай мерекелер қандай ел үшін де аса қажет. Ал оның шінде біз қазақ халқы – ханды сыйлап, ханды құрмет тұтып, ханның айтқанымен жүрген елміз тарихтан. Жалпы, бұл күн мереке ғана емес, бұл сондай-ақ Президентке үлкен жауапкершілік артатын тарихи дата. Ал енді Тәуелсіздік дегенге келсек, ол менің ұғымымда сонау бір замандарда жоғалтып алып, қайтадан қол жеткізген асыл мұрамыз. Сол себепті ол қазақ үшін қымбат, қазақ үшін ыстық. Бабаларымыз аңсап, соның жолында талай боздақтарымыз құрбан болған. Осыны түсінген адам үшін Тәуелсіздік деген ең басты байлық, мерекелердің атасы, ал сол жолда Елбасымыздың еңбегі орасан зор екені айтпай-ақ түсінікті. Осы 20 жылда дүниежүзі бізді жеке ел деп тани бастады, Астана кәдімгі қазақтың брендіне айналды. ЕҚҰЫ-ны басқаруымыз, Азиада, саммит және де алдағы «EXPO-2017» көрмесі де біздің жетістіктеріміздің дәлелі. Сондықтан Елбасымызға Құдай қуат берсін, Алашымыз аман болсын!


Айгүл Ісмақова, ф.ғ.д, алаштанушы ғалым:
–  Тұңғыш Президент күні – өркениетті елдерде бар саяси мереке. Мәселен, АҚШ-та Вашинг­тон­ның туған күні ел мерекесіне ай­налды. Мұн­дай мерекелер не үшін керек дегенге кел­сек, ол ең әуелі елді күллі әлемге танытудың басты құралы, өзімізге өзіміз есеп беру үшін. Тәуелсіздік – ол бізге әуелі Алла берген, екіншіден ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, біздерге тастап кеткен аманаты. Сол Тәуелсіздікті қазаққа алып беру, қазақтың Тұңғыш Президенті болуды Жаратқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа бұйырған екен. Тарихтағы жеке адамның рөлінің болуы айқын, сондықтан біз «Тұңғыш Президент күнін» атаулы мереке ретінде атап өткелі отырмыз. Біз бұл ретте, әрине, жеке басқа табынғалы отырғанымыз жоқ, ол кісінің үлкен-үлкен істердің басынан табылғанын алға тартқалы тұрмыз. Тарихтың ақтаңдақтарын Тәуелсіздік келіп ашып берді, барлық салада үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жатырмыз. Тәуелсіздікпен бірге қазаққа ақиқат келгендей, ендеше осы ақиқат жолынан таймай, үлкен белестерге жетуді жазсын!


Сара Шаяхметқызы, ҚР мәдениет қайраткері:
– Қазақ халқы үшін үлкен мереке келді. Еліміз Тәуелсіздік деген ең басты байлығының арқасында күллі әлемге та­ныл­ды. Бұл біздің Елбасы­мыз­дың ерен еңбегі екенін айтуымыз керек. Ендеше, Тұңғыш Президент күні – төл мерекеміз. Ұрпағымыз өзгелердің тарихына, өзге елдердің жетістігіне сүйсінбей, өзіміздің де осындай тұлғаларымыз­дың барын, өз елінің де асқақ айба­тын сезінеді деп ойлаймыз. Елбасы өміріне үңілсек қарапайым ғана шаңырақта туып, ауылдан өсіп-өніп, өзінің үлкен арманы мен қажырлы еңбегінің арқасында ел көшін алға сүйрейтін тұлғаға айналғанын көру қиын емес. Өскелең ұрпаққа Елбасы­мыз­дың осы жолы үлгі болса игі. Бәлкім, қазіргі үрпақ дәл біз бастан өткерген қиын­дықтарды сезінбес, атап айтқанда бұрын өзім бірде  шетелге шыққанда «қазақпын» десек, ешкім танымай, бурятты көрсеткені бар еді, сонда өзімнің кім екенімді түсіндіре алмай іштей үнсіз жылаған едім. Ал қазір қазақтың кім екенін, Қазақстанның үлкен державалармен иық тірестіре алатын ел екенін дүниежүзі елдері біледі. Алла біздің Елбасымыз­ға ғұмыр берсін, ел іргесі бүтін болсын!


Нұрғали Нүсіпжанов, Халық әртісі:
 –  Тәуелсіздігіміз­дің тұғырын көтеріп, туын тігіп беруде Елбасының еңбегі зор екенін мен айтпасам да ел біледі. Сондықтан Тұңғыш Президент күнін атап өту бұл еліміздің Елбасына деген алғысы мен ізгі ниеті деп білу керек. Жарқын болашағымыздың тұтқасын мықты ұстап, ел-жұртын жақсылыққа бастаса екен дейміз. Әсіресе жастар тәрбиесіне аса мән беріліп,  күллі әлем елдері алдында ұлттық қадір-қасиетімізді арттыратын ұлы істерге ұйытқы бола берсе, біз соның бір жағында жүре берсек екен дейміз. Халық үшін, болашақ үшін жасалып жатқан әр істің басында Елбасының еңбегі бар. Әлі де болса Елбасымыздың ашылмаған қыры мен атқарылмаған ісі мол секілді көрінеді маған. Сол игіліктерді ел-жұртпен көре берсе екен деген ойым, тілегім бар. Мемлекетіміздің алдында тұрған іс көп, ел басқару оңай емес. Сондықтан осы жолда әр азамат, әр қазақ бір мүдде мен бір мақсатқа біріксек. Шаттыққа толы күндеріміз мол болса екен дейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста