«Жиһаз жарнамалап жүрген актер де Мемлекеттік сыйлық алған» - Исабеков

«Жиһаз жарнамалап жүрген актер де Мемлекеттік сыйлық алған» - Исабеков

Белгілі жазушы Дулат Исабеков Nege.kz сайтына берген сұхбатында бірнеше жыл бұрынғы Мемлекеттік сыйлықты анықтау комиссиясының жұмысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Баяғыда берген дауысымызды жоққа шығарған соң Әшірбек Сығай, Райымбек Сейтметов, Есмұхан Обаев, тағы бір-екі адам, сосын мен атып тұрып комиссиядан шығамыз деп мәлімдеме жасағанбыз. Өйткені, берген дауысымыздың бәрі далада қалып, керек емес адамдар өтіп кетті. Аты-жөні есімде жоқ, әйтеуір Лермонтов театрында бір ғана спектакльде рөл сомдаған актерді ұсынған кезде біз қарсы болдық. Көбінесе үй жиһаздарына жарнама жасайды екен. «Мынау кім? Оның театрда елдің ықыласына бөленген рөлі жоқ екен» деп сызып тастадық.

 

Кейін қорытындыға қарасақ, екі адам ғана қарсы болған. Қалғаны соны қолдаған болып шықты. Бұдан соң біз «Бұл қалай? Қазақтың маңдайы кереқарыс, жарқын актерлері мен режиссерлері толып жатқанда орта жолдан килігіп, қалай Мемлекеттік сыйлық алып кетеді?» дедік», – деп еске алды қаламгер өткен күндерді.

 

Осылайша, жазушы жаман атты болмас үшін комиссия құрамынан шығып кеткен. Бертінге дейінгі екі маусымның комиссиясында болмаған.

 

«Болмағаным дұрыс деп ойлаймын. Босқа жаманатты боласың. Қаншама роман оқуға тура келеді. Мысалы, музыкада оңай, жарты сағат тыңдайсың да, шешімің белгілі болады. Архитектурада да солай, бір ғимаратты көресің. Спектакль мен киноны екі сағат қарайсың. Ал әдебиет – ең күрделі, ең қиын сала. 10 -12 жазушының көркем шығармасын оқып шығуың керек. Әңгіме емес, көлемді романдар. Оған қаншама күш-жігер, қайрат, уақыт керек. Оқып, өз пікіріңді айтасың. Бірақ оның бәрі далада қалады. Комиссия төрағалары қандай шешім айтады, солай болады. Ешқандай бедел қалмаған соң, шығып кеткенім бар. Кейіннен басшылар өзгерген соң қайта енгізді», – деді Дулат Исабеков.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста