Жігерін жырмен жанитын жігіт

Тіршілікте жұмыр басты пендеге жазмыштың жазғанына қарсы тұратын қайрат жоқ. Осындайда тіл ұшына «тағдыр» сөзі орала кетеді. Өлшеулі өмір өрімінде деннің саулығына жетер байлық бар ма? Оны ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың. Ал адам өмір сүруге ғашық. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың жарық дүниеге деген құштарлығын тілмен айтып жеткізу мүмкін болмас.

Сырдың бойында осындай ерекше жан бар. Ол Сырдария ауданы Шіркейлі ауылында өмір сүреді. Отыз екі жастағы Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың қол-аяғы қозғаламайды. Бала жасынан осы дерттің азабын тартып келеді. Өмірге құштар ол тағдырдың жазуына қарсы тұрады. Өзінің жігерін қайрайды. Жүрегінен жарып шыққан жыр шумақтарын жазады. Оны қағаз бетіне жазуға дәрмені жоқ. Өйткені екі қолының да қағаз ұстауға әлі келмейді. Алдымен өлеңдерін ұялы телефонға жазып, сонда сақтап қояды. Аузына кішкене таяқ тістеп, сол арқылы телефонның тетіктерін басады. Ондағы әріптермен көкейге түйгенін соған түсіреді. Өлең дайын болғаннан кейін оны кенже қарындасы Жұлдыз қағаз бетіне жазады. Қазірдің өзінде Нұрмұхаммедтің бір бума туындысы бар.

Қайсар жанның әкесі Қанатбек баласының бұл қабілетін соңғы бір жыл көлемінде байқағанын айтады. Бұрындары да бірді-екілі өлең жазғанымен, қазіргідей шындап ден қоймаған екен. Біз Нұрмұхаммедтің өлеңдерін қарап шықтық. Жүрекке жүгінген жырлар адамды еріксіз ойға қалдырады. Жанкештілікпен өрілген өлеңдер мүмкіндігі шектеулі жігіттің жан толқынысын сездіреді:

Өмірдің қызық екенін көре алмадым,
Махаббаттың не екенін сезе алмадым.
Құдайдың бөліп берер несібесін
Төккенім жоқ, бірақ та тере алмадым.
 Жұртпен бірдей өмірді сүргеніммен,
Қатарыма ілесіп ере алмадым.
Қиындыққа шыдаймын, қайыспаймын,
Егер де орындалса төл арманым.

Бұл – Нұрмұхаммедтің «Өкініш» атты өлеңінен үзінді. Осылайша, жанкешті жігіт қайсарлық қасиетімен қаншама құрбы- құрдастарына өнеге болып отыр.

Нұрмұхаммед өлең жазумен қатар, сурет те салады. Көбінесе ол жылқының шауып бара жатқанын бейнелейді. Бәлкім, құлын-тайдай қатарыммен шауып жүрсем деп қиялға берілетін шығар... Одан қалды, оның зеректігіне таңғалмасқа лаж жоқ, орыс патшалары мен қазақ хандарының туған және қайтыс болған жылдарын да қай кезде сұрасаң да, мүдірмей айтып береді. Ол шахмат ойынын жақсы көретінге ұқсайды. Ауылдағы кейбір азаматтар Нұрмұхаммедпен ойнауға арнайы келіп тұрады. Шахмат тастарының қалай жүру керектігін қайсар жанның өзі айтып отырады да, оны қасындағы адам қозғайды. Көп жағдайда жеңіске жетіп, қарсыласын тықсырып жатады...

– Баламның мұндай дертке ұшырауы бір айлығынан бастап байқалды. Қол-аяғының қозғалыссыз жатқанын көріп, алып бармаған дәрігеріміз қалмады. Тіпті Мәскеуге дейін бардық. Ақ халаттылар қолдан келер дәрмен жоқ екенін айтты. Мида адамның қозғалысына жауап беретін нүктелер болады екен. Нұрмұхаммедте сол нүктелер жетілмеген болып шықты.
Анасы Гүлзада Досбергенова көп жылдар бойы есеп-қисап қызметінде еңбек еткен екен. Қазір зейнет демалысына шыққан. Баласының қас-қабағына қарайды. Нұрмұхаммедке мемлекет тарапынан әлеуметтік маман бекітілген екен. Дегенмен оны атқаратын адам жарты жүктемемен атқаратын көрінеді. Әлеуметтік саланың мамандары бұрынғы толық жүктемені қаржы жетпейтіндігін айтып, қысқартып тастаған көрінеді. «Біз де қартайып келеміз. Баламыз түрлі шараларға қатысады. Сонда қасында жүретін адам болса дейміз», – дейді олар.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста