«Жидебай-Бөрлі» 70-ке толды

Биыл Абайдың «Жидебай-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының құрылғанына 70 жыл толды. Аталмыш мерейтой Семейде ауқымды түрде аталып өтті.
Той таңсәріден Абай мен Шәкәрім та­қы­рыбына 30 жылдан астам шығар­ма­шы­лы­­ғын арнаған медицина ғылымының док­­торы, профессор Қазақстан Суретшілер ода­ғының мүшесі Мақаш Әлиакпаровтың «Із­гілік» көрмесінің ашылуымен бастал­ды.
Мақаш Әлиакпаров – Семей топыра­ғы­ның тумасы. Абай мен Шәкәрімді наси­хат­тау­шылардың бірі. Бүгінде қылқалам шеберінің ұлы Абай мен дана Шәкәрімге арнап салынған 200-ден астам картинасы бар. Осыған дейін суретшінің  ақын мұра­жа­йында 20 шақты суреті жәдігер ретінде көз­дің қарашығындай сақталып келген. Бұл жолы Мақаш Тыныштықбайұлы таң­дау­лы деген 200-ге жуық картинасын киелі қа­ра шаңыраққа тарту етті.
Бұдан кейін мерекелік шара рес­пу­бли­ка­лық ғылыми-тәжірибелік конферен­ция­мен жалғасты. «Абай, Шәкәрім мұраларын зерт­теудің өзекті мәселелері және мұ­ра­жай» тақырыбындағы конференция ба­ры­сын­да біртуар ғұламалардың өмірі мен шы­ғар­машылығына қатысты соңғы жыл­да­ры жасалып жүрген тың зерттеулер жа­йы сөз болды. Басқосуға Абай мен Шә­кә­рім тақырыбында бірқатар еңбегі жарыққа шық­қан ғалымдар мен әдебиетшілер қа­тысты. Жиынның мақсаты – Абай, Шә­кә­рім, Мұхтар төңірегінде осы уақытқа дейін жа­рық көрген еңбектерді саралап, осы бағытта алда атқарылар істі жоспарлау.

Жандос ӘУБӘКІР,  Абайдың «Жиде­бай-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұра­жа­йының директоры:
– Бүгін – Абайдың әдеби-мәдени және қо­рық-мұражайы үшін ерекше күн. Мұражайға 70 жыл толып отыр. Тойды ұжым болып, ел болып атап өтудеміз. Жа­ңа ғана қылқалам шебері Мақаш Әли­ак­па­ровтың көрмесі ашыл­са, енді, міне, ме­рейтой конфе­рен­ция­мен жалғасын табуда. Кон­фе­рен­ция­ның маңызы – қазіргі таңдағы абай­тану, шәкәрімтану, мұхтартану ғы­лым­дарының, жалпы мұражайтану са­ла­сының өзекті мәселелерін қарастыру. Бұ­ған осы елімізге танымал ғалымдар баян­дама жасауда. Конференцияның не­гіз­гі бағыты жас ұрпаққа Абай, Шәкәрім, Мұх­тар мұраларын ары қарай насихаттау жә­не соны зерттеудің өзекті мәселелерін қам­тып, осы ғылым салаларының көк­жиегін анықтап, ары қарай не істеу ке­рек­ті­гін, болашақта атқарылар жұмыстарды тағы да бір саралап алу деп ойлаймын. 

Мұражайдың 70 жылдығына арналған ме­рекелік шара Абай атындағы қазақ му­зыкалы  драма театрында салтанатты кеш­пен жалғасын тапты. Мерекелік жиын ба­ры­сында тарихқа бай мәдени ошақтың өт­кені, бүгіні мен ертеңі сөз болды.
Шара барысында облыстық мәдениет басқармасының бастығы Махмұт Тойкенов  мыр­за мұражай ұжымының жұмысына та­­быс тілеп, облыс басшысы мен мә­де­ниет бас­­қармасы атынан қара шаңырақта ұзақ жыл еңбек еткен бірқатар қыз­мет­керді ди­плом­дармен, ал­ғыс­хат­тар­мен ма­ра­пат­тады. Мұражай бас­шы­лығына су жаңа ком­пьютер сый­лад­ы. Бұдан соң қа­ла әкімі ме­кеме қыз­меткерлерін арнайы ди­­плом­дар­мен­, алғысхаттармен ма­ра­пат­тады. Се­­мей қалалық мәдениет бө­лі­мі­нің мең­­ге­рушісі Құсмілия Жырғалұлы мұ­ра­жайға Қа­йым Мұхаметхановтың қо­ла­дан құ­йылған бюсін сыйласа, Се­мей қа­лалық су­ретшілер одағы Шә­кәрім ба­ба­ның мү­сі­нін мұражай қо­р­ына тарту етті.

Керек дерек
Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы 1940  жылы ашылған. Ол Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай болып табылады.
 Мұражай 1940-1944 жылдары Бекбай Байысовтың үйінде  ашылып, 1944-1967 жылдары Әнияр Молдабаевтың үйіне қоныс аударады. Бұл екі үйдің де Абайға қатысы бар. Ақын 1875-1904 жылдары Семей қаласына келгенде осы үйлерге түсіп жүрген. 1967 жылы Абайдың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында  мұражай қаладағы сәулет ескерткіштерінің бірі саналатын, ұлы ақын өмір сүрген дәуір үлгісімен салынған көпес Роман Ершовтің үйіне көшірілді.
 Мұражай алғашқы ашылған жылдары «Абайдың мемлекеттік әдеби-мемориалдық музейі» деген атпен Оқу министрлігінің қарауында болса, 1947 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының қарауына ауысты. 1953 жылы Абай мұражайы «мемориалдық музей» дәрежесіне түсіріліп, Ғылым академиясы қарауынан Мәдениет министрлігі қарауына ауыстырылды, одан Семей облысының мәдениет басқармасының қарауына берілді. Тек 1960 жылдары ғана ақын мұражайы Мәдениет министрлігінің қарауына ауыстырылды.
 1990 жылы «Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы болып қайта ұйымдастырылды. Жидебайдағы 6400 гектарлық қорық аймағы 16 ескерткішті қамтиды.
 Мұражай өз қызметін ғылыми кеңеске сүйеніп жүргізеді.
 Бүгінде мұражай штаты 82 адамнан тұрады. Оның 23-і – ғылыми қызметкер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста