Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі суретші, тарих жанрын жаңғыртып жүрген қылқалам шебері Есенғали Садырбаев ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында 17 маусым күні сағат 16.00-де «Тарих беттері. Жібек жолы. Қазақ аңшылығы» атты жеке көрмесін ұсынбақшы.
Бұған дейін суретші еліміздегі және шетелдегі он екі көрмеге, жеті рет «Жігер» фестиваліне, «Ұлттық спорт ойындары түрлері», «Қазақ оюының ғарышы» атты жобаларға қатысты. 2004 жылы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының жаңа басылымын көркем безендіру жұмыстарын атқарды. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанның рекордтар кітабына кірген «Қазақ Алтайының ертедегі көшпелілерінің рәсім-жоралық әдет-ғұрыптары» атты үлкен кескіндеме салды. Бұл картина қазір ҚР Тәуелсіздігі сарайында сақтаулы тұр.
«Жібек жолын» көргіңіз келсе...
Последние статьи автора