«Жетпіс төрттің жеті ақынының» жыр кеші өтті

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Өткен демылыста Қазақстан Жазушылар Одағының «Әдебиетшілер үйінде» қазақ поэзиясына кейін қосылса да, өз қолтаңбасын қалдырып үлгергенн талантты жеті ақынның қатысуымен «Жетпіс төрттің жеті ақыны» атты жыр кеші өткен болатын. Оған 1974 жылы туғандар,  яки биыл, жылқы жылы қырықтың қырқасына шыққалы отырған Әлібек Шегебай, Талғат Ешенұлы, Бақытжан Алдияр, Бекжан Әшірбаев, Анар Шамшадинова, Мұратхан Шоқан мен Руслан Нұрбай қатысты.
Кешті М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Бауыржан Жақып жүргізіп отырды. Әдеби кешке қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысып, кеш барысында «Жеті бояу» атты жыр жинағының тұсауы кесілді.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Ұлықбек Есдәулеттің «Жеті бояу» жыр жинағына жазған алғы сөзі:
«Жусан мен жалбыз аңқыған антология»
«Қолымдағы диуанның ныспысы - «Жеті бояу»: құйып-құйып өткен нөсерден кейін жусан мен жалбыз жұпары аңқып, бусанып жатқан сайын даланың көгін көмкеріп, керіліп, жарқырап шыға келетін шұғыла-кемпірқосақтың түсі жеті бояудан тұрмаушы ма еді; сол жеті бояудың құлпырған реңі көзге сіңіп, көңілді боямаушы ма еді; содан соңыра жан-сарайың сол шұғылаға малынып, малынып емес-ау, малшынып, көкірегің көкпен тілдесіп, тамшыдай тазарған сезімің жауыннан соңғы сұңқардай дүр сілкінетіні де бар емес пе еді?!

Мен үшін кемпірқосақ - бояулар антологиясы, яки аспан мен жердің бізге беймәлім өзара сезімдерінің бірлескен серпілісінен туған тылсым көркемдік көрмесі, табиғаттың шынайы шабытынан жаратылған теңдессіз туындының керемет кермесі, көк пен жердің астасқан рухының көрінісі. Кезінде ұлтымыздың ұлы ақыны Жұмекен Нәжімеденов ағамыз да бір кітабын «Жеті бояу» атағаны тегін емес. Құпиясына көз бойлай алмайтын ғарыштың да, төрт маусымы толассыз ауысып жататын, күні мен түні, таңы мен кеші үздіксіз алмасатын жер бетіндегі жаратылыстың да бүкіл болмыс-бітімінің, дидар-бейнесінің күллі сұлулығы жеті ғана бояудан бастау алатынына сенгің келмейді... бірақ, расы солай.

Жеті ақын – бір кітап. Жеті әлем – бір дария. Аспан әлемінде өз сәулелері бар, аламан бәйгеде өз шабыстары бар.
Әрбір Адам ғарыштың бiр бөлшегі болса, Ақын болып туған кісі жаратылыстағы биіктік пен тереңдіктің, кеңістік пен уақыттың, табиғат пен қоғамның алуан түрлi сипаты, қайғысы мен шаттығы, сағынышы мен өкініші, қыры мен сыры жөнінде сыр шерпей, ой толғамай, жыр туындатпай қала алмайды.
Әлібек Шегебай, Талғат Ешенұлы, Бақытжан Алдияр, Бекжан Әшірбаев, Анар Шамшадинова, Мұратхан Шоқан, Руслан Нұрбай...
Қолтаңбалары қалыптасып, өз сүрлеулерін салып, өз бағыттарын тапқан, біріне бірі ұқсамайтын жеті жырау бір жылдың төлі болғандықтан бір жинаққа топтасып, бір арнаға құйыла аққан екен. Несі бар, үйлесіп-ақ тұр!

Бұл ақындар жаңа заманның перзенттері, азаттықтың ауыздықсыз арғымағындай, тәуелсіз ұлттың ұйыған уызынан жарыған ұрпағы, коньюктурадан ада арда мінез бен бостан сезімнің бел балалары. Бір жылда туып, бір дәуірдің дауылын бастан кешіргенмен екі түрлі қоғамдық формацияның кермек дәмін татып үлгерген көшелі буынға жатады. Бесіктен белі шықпай жатып өліарада өмір сүрген, өртеңге өскен талшыбықтай бұл ұрпақ жаңа ғасырмен тайталаса тірлік кешіп, бұғана бекітіп, жаңа уақытқа жаңа көзқараспен қарайды. Олардың жазу стилінде көнеден түп тартқан ескі ізге қоса бұрын кездеспеген жаңа сарын, тосын қарым, соны сүрен, тың түрен көбірек кездесетіні сондықтан.
Биыл қырық деген қамал бұзар жасқа асау арынмен жеткен жеті ақынның осынау сезім бояулары буырқанған қолжазбасына қарап отырып, бала кезден жастанып оқыған басқа бір кітаптың көкіректе көмескіленген сөздері еміс-еміс есіме түсті. Ұмытпасам, жұлдызшы ғұлама Хасен Әбiшевтың «Аспан сыры» атты кiтабында: «Аспандағы Үркер дегеніміз, негiзiнде, жетi жұлдыз екен, бұлардың жылтылдап көрiнiп тұратыны алтау. Жетi қарақшы келiп шапқанда, бұлар үркiп, содан Үркер атаныпты. Оның арасында сәуле шашқан жетінші жұлдыз қыз болған соң, алтауы қызды қорғаймын деп, оны қоршап, көрсетпей, бiр жерге жиналып, топталып тұрады, әйтпесе Жетi қарақшы ұрлап әкетуі мүмкін екен» деген сияқты сөйлемдер бар болатын. Бұлар да көктегі Үркердей оқшау, орталарында жарқыраған бір қыз ақын бар. Ылайым оларды көк пен жердегі көлденең қарақшылардың сұғынан сақтасын».
«Бұл кешті бірігіп өткізудегі басты мақсат – шығармашылық адамдары арасында да бақталасқа бас қатырмайтындарды бар екенін, кесірінше барлығымыздың ойымыз да, тағдырымыз да, мүддеміз бір екенін көрсету», - деп сұқбат берген болатын ақын, сазгер Бекжан Әшірбаев «Таңшолпан» бағдарламасында.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста