Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.
Бұл жай ғана аңыз болатын!
Сол Жер ана деген қасиетті атауға бүгінгі адамдар қалай қарап жүр. Қалай бағалап, қаншалықты қадірлеп жүр. Ішінен жылаған Жер ана назын мына бір жігіт жеткізуге тырысты. Және ол өз ойын жүректерге жеткізе де алды.