Жеңіс Ысқақова: «Бірінші күйеуім де, екінші күйеуім де бір адам»

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова “Ұйқым келмейді” бағдарламасында жеке өмірін көпшілікке жария етпейтінін айтты. Бұл туралы Sn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Сахнаның адамы тек сахнадан көріну керек. Біздің күйеуіміз, бала-шағамыз – менің ғана өмірім. Оны біреуге көрсетіп өажеті жоқ. Әлеуметтік желіге көп шықпаймын, балаларымды көрсетпеймін, олар өздері де салуға рұқсат бермейді. Күйеуім де үйленгелі сахнаның сыртында жүреді. Осыдан бір жыл бұрын бір мейрамхананың ашылуына барып, күйеуіммен қызыл кілеммен жүріп өткен болатынбыз. Сөйтіп ел: “Жеңіс Ысқақова жас күйеуін көрсетті” деп шулады”, – дейді өнер иесі.

Сондай-ақ әнші күйеуі жайлы қызық оқиғамен бөлісті.

“Бірде ауруханаға жатып қалдым. Сөйтіп балам келді ауруханаға. Баламнан заттарды алып, шығарып салып жатсам күзетте отырған жігіт: “Балаңыз ба? Бірінші күйеуіңіздің баласы ма?” деп сұрады. Шошып кеттім: “Құдай сақтасын, бірінші күйеуім де, екінші күйеуім де бір адам. 30 жыл отасқан күйеуімнен туған балам. Менің бір ғана күйеуім бар” деп жауап бердім. Сөйтсем ол да “жас күйеуін көрсетті” деген жаңалықты көрген екен. Бірақ сол жақсы болды. Сондан кейін күйеуімді ел тани бастады. Күйеуімді көрсете алмай жүр едім”, – деп күлді Жеңіс Ысқақова. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста