Жеңіліп қалсаң, «не дай Бог...»

Екі жыл бойы Досымов Табылды екеуміз өлеңмен хат жазысып тұрдық. Ол – Германияда, мен Мәскеу түбіндемін. Сондағы өлеңдердің өзегі елге деген сағыныш, студенттік шақты, Алматыны аңсау болып келеді. Өкініштісі — сарбаз хаттары менде сақталмапты. Табылдың жеке шумақтары ғана есімде қалыпты:

— Кең шалбар шақтар түсіме
менің жиі еніп,
Өзіме өзім ете алмай жүрмін иелік.
Гитара тартып жүрген кездерді
сағынам
Отырғанымда автоматыма сүйеніп.

Кеудемде жырдың көктесе
жасыл желегі,
Атырау жаққа тартып-ақ кеткім келеді.
Ұлы Гейненің туған жерінде жүрсем де,
Менің көңілім Меңдекешті
аңсай береді.


Есіл-дертіміз Алматы дедім ғой. Жылт еткен жаңалық болса, бір-бірімізге жеткізуге тырысамыз. Сол жылдары сту­денттер айтысын өткізу қолға алынды. ҚазМУ-де өткен алғашқы айтысқа Свет­қали Нұржанов, Бауыржан Жақыпов, мар­құм Бауыржан Үсенов сияқты ақын­дар қатысқан көрінеді. Сол айтыстың қарсаңында Табылды Светқали ағасына Алманиядан былайша айбат шегеді ғой:

«Айтыста ақын озбас па
Туғаннан кейін адай боп.
Жеңіп бір шықсаң, сөз басқа
Жеңіліп қалсаң, «Не дай бог!..»

АСАУҒА – ТҰСАУ
Біз әскери борышымызды адал атқар­дық. Бірақ ең қызықты студенттік өмірдің екі жылын жалмаған армияға өкпеміз көпке дейін жазылмай жүрді.
Жалпы, «неден қашсаң, соған тап бола­сың» деген қағида рас екен. Қалам ұстаған адамның әскери тәртіпке мойынсұнуы қиындау. Осы тұрғыда өз басым үлгілі сарбаз болдым деп айта алмай­мын. Мәселен, пысық жігіттер партияға әс­кер қатарында өтіп алатын. Мен, керісінше, комсомолдан шығып қалып, қайта қабыл­дандым. Мінездің кесірінен.
...Майор Некрашевич уәдесінде тұрды. Әскерден тура жаңа жыл қарсаңында, ең соңынан босатты. Мен екі жыл көрмеген ата-анама емес, бірден Алматыға тарт­тым. Сондағы деканымыз Темірбек Қожакеевтің айтқаны мынау болды: «Әй, Смайылов, бұзықтау боп кетіп ең, түзіктеу боп қайттың ба?»
Жарықтық Темкең баяғы бір «ерке­лігім­ді» екі жыл бойы ұмытпапты.
Ақын Жарасқан Әбдірашевтің мына­дай өлеңі бар:
— Ішесің бе? Кезінде іштім деймін,
— Ал қазір ше? Қалыпқа
түстім деймін...

Расында, өмір бәрін өз орнына қойып, қалыпқа түсіреді екен. Кейін саналы ғұмырымның сапалы жылдарын әскерге бағыштайтынымды ол кезде мен қайдан білейін.

Қуат берсін құдайым МИ-8-ге
Душанбе түбіндегі Ресейдің әскери базасында тұрмыз. Бағытымыз — таудың аржағындағы Халай-Кумб елді мекені. Онда Қазақстанның бітімгершілік батальо­ны орналасқан.
Мұнда қыс маусымында тау шат­қалдары жабылып, арғы бетпен қатынас мүлде үзіледі. Сонда жалғыз үміт – авиа­цияда...
Таңсәріден бері тұман сейілмей қой­ды. Көлік авиациясының көк есегі — МИ-8 әскери тікұшағына біреулер қап-қап жүк тиеп жатыр. Экипаж командирі болса әлдекімдерді балағаттап жүр. Оның «перегруз» деп шырылдағанына қарайтын адам жоқ.

— Таңғы самал жөнелді тұманды айдап,
Ұшқыш күйіп-піседі кабинада:
“Тікұшақ па бұл, әлде трамвай ма!? ”
Келтіре бер тіліңді кәлимаға.
Оқшантайын оңтайлап пулеметші,
Орын тепті тікұшақ тұмсығынан.
Міне, қазір МИ-8 гулемекші,
Шыр айналып қанаты ұршығынан.
“Қаңғыған оқ кенеттен тисе бізге...”
Арзан қалжың ауада қалып қойды.
Қуат берсін құдайым МИ-8-ге –
Дейсің іштей бір үрей қарып бойды.

Зор машина толтырған құрсағын біз,
Толқып ұшты үстімен қия беттің.
Бір жағың – құз, көз салсаң, бір
жағың – мұз.
Қыл көпірі секілді қияметтің!


Бізді күтіп алғандардың ішінде ерек­ше көзге түскен қаба сақал, қыр мұрын, басындағы елтірі папах өзіне бек жарасқан тәжік болды. Лақап аты – «Мишка басмач». Осы аймақтағы беделді адам көрінеді. Тікұшаққа тиелген жүктің иесі де сол екен.
Кейін куә болғанымыздай, мем­лекет­тің дүкенінде тілмен жалағандай (резіңке галошты есептемегенде), түк жоқ. Ал Мишка басмачтың сөресі сықап тұр. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс капиталистерінің есепсіз байығаны еске түсті. «Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді» деген рас-ау.
Мұнда уақыт тоқтап қалған секілді. Электр жарығы атымен жоқ. Мектеп жұмыс істемейді. Отын өте тапшы. Тау — жап-жалаңаш. Тасты қуалап өсетін бұта тектес өсімдіктің беретін жылуы шамалы. Сіңірі шыққан кедейшілік!

Өткен шақ жоқ, бүгініңде жоқ есеп,
Бұл өңірге келмейтіндей келешек,
Әуенінен жаңылмайды арбасы,
Көне жолдан адаспайды көк есек.
Кімді көрсең, шапан киген молдаша,
Тау орнында, өзгермеген жолда аса.
Еске салар жиырмасыншы ғасырды
Лениннің ескерткіші болмаса...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста