Отандық танымал әншінің төсін айқара ашып түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті. Сиви Махмудидің бұл қылығы оқырамандардың ашу-ызасын келтіріп, жағымсыз пікірлердің жаудырылуына себепкер болған деп жазады NUR.KZ.
Сиви Махмудидің әлеуметтік желіге жүктеген видеосы ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен. Аталмыш бейнежазба Instagram желісіндегі kaz_stars парақшасында жарияланған. Онда отандық әнші тым ашық образбен отырып, көкірегін көрсетті.
Көпшілік шоу-бизнес өкілінің бұл видеосын ерсі санап, оны бірден сынап тастады.
"Осы əнші дым ұнамайды даусы жоқ, отырысты қара көкіректі көрсетіп, жұбайы қайда қарап отыр"
"Бем тонна бояу, істеп отырғаны мынау. Ұялмайды ма, оны балалар көреді ғой"
"Жанкүйерлеріне осындай тәрбие бересің бе? Әйелдер деген ұятты жерін жауып жүруші еді" , - деп жазды оқырмандар.