"Жаужүрек мың бала" ерліктің жаңаша дастаны

"Жаужүрек мың бала" ерліктің жаңаша дастаны

• Жылдың ең үздік жобасы

Жоңғар шапқыншылығында ерен ерлік көрсеткен жаужүрек мың  бала жайлы ауыздан-ауызға тарап, бүгінге жеткен ерлік дастаны кинотуындыға айналып, қалың қазақты дүр сілкінтті.
«Жаужүрек мың бала» қазақ киносының «Қыз Жібек», «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Менің атым – Қожа», «Гауһартас» тәрізді санаулы ғана фильмдер­ден кейін көзден бұлбұл ұшқан бағын қайта оралтып, мәртебесін қайта асқақтатқандай болды. «Қазақ көрермені төл киносын менсінбейді, қазақы дүниені түсінбейді» деген сөз бекер болып шықты. Қаракөз қауымнан тұратын қалың әлеумет Америкаға тіпті де өз қағынан жерігендіктен сілекейі шұбыра қарамапты, ол  рухани аштықтан туындаған мәжбүрлік болса керек. Жаратылысынан бекзат болмысты халқымыздың бүгінгі өрімдей ұл-қызы ата-бабалары­ның шерлі де шежірелі тарихын т­а­н­ымас­тай, тебірен­бестей және одан рух­тан­бас­тай мәң­­гүрт те, мар­ғау да емес екен. «Жаужүрек мың баланың» бәсін арттырған да – көрермен­нің осы ынта-ықыласы.

Тағы бір анығы, әдетте киноның бүкіл тағдырын, қадір-қасиетін қаржы-қаражатқа әкеліп тіреп, «Қол қысқа болды. Әйтпегенде тау қопарар едік» дейтіндердің бәрінікі – жай сылтау. Негізгі мәселе – туындының идеялық тінінде, өзегінде. Бұл тұрғыдан алғанда, «Жаужүрек мың бала» өзімен тақырыптас «Көшпенділерден» де, «Сардардан» да оқ бойы озық тұр. Яғни мұнда жекелеген бір тұлғаның, жалғыз батырдың емес, тұтас халықтың, онда да еңбегі еш, тұзы сор қарапайым қауымның бейнесі, рухы айқын көрініс тапқанының өзі – фильм­нің басты ерекшелігі деуге болады. Күні кешеге дейін «жоңғардың тепкісінен хандар мен билердің, санаулы батырлардың данагөйлігі, ерлігі арқасында құтылдық» деп ойлап келген жұрт аталмыш фильмнен кәдімгі қараша халықтың тегеурінін, жанкеш­тіл­ігін көріп толқыды, таптаурын түсініктерден өзгеше ой түйді. Қанды қырғынға көптің бірі болып кіріп, қасық қаны қалған­ша жан алып, жан беріскен және сол елеусіз қалпында ұрыс даласында көз жұмған белгісіз боздақ қаншама! «Жаужүрек мың бала» – қазақ деген дархан халықтың сол қайсар перзенттеріне арнап, кештеу болса да, керемет сомдалған келісті дүние. Осы арада мынадай бір ой келеді: негізі, кез келген соны дүние жаңаша ойлай алатын, білімді, қасаң түсініктер мен стереотиптерден ада сергек санадан туады. Ал бұған дейін де өз студиясы болған және «Рэкетир», «Адасқандар», «Ағайынды», «Ликвидатор» секілді фильмдерімен-ақ көрерменін елең еткізген талантты жас Ақан Сатаев өзіне жүктелген аманатты абыроймен алып шыға білетін үлкен жауапкершілік иесі екенін көрсетті. Алайда «Біздің қазіргі жағдайымызда мұндай үлкен көлемді жобаға мемлекеттің көмегінсіз ешбір жекеменшік студия аяқ баса алмайды. «Жаужүрек мың бала» секілді қымбат кино түсіру үшін үкіметке қарауға мәжбүрміз» деп өзі айтпақшы, мемлекеттің немесе меценаттардың тарапынан қолдау болған жағдайда Ақанның қазақ жұртының төбесін көкке жеткізер­дей дүние­лер­ді әлі де жа­рыққа шы­ға­рарына сенуге бо­лады. Бұл рет­те: «Менің жаныма экшн, мистикалық триллер жақын. Комедия да түсіріп көргім келіп жүр. Бірақ барлығы сценарийге келіп тіреледі. Егер мықты сценарий болса, ол қай жанр болса да, тіпті арт-хаус болса да түсірер едім», – дейді жігерлі жас.
Бұл, әрине, болашақтың шаруасы. Ал әзірге белгілісі – бізде батыстың  киноэкспансиясына тосқауыл қойып, төл кинонарығымызға иелік ете алатындай шығармашылық күш, әл-ауқат бар. Көрерменге ұсынылар әрбір фильм «Жаужүрек мың баладай» отты, рухты болып шығар болса, ұлт­тық идеологияның көкесі де – сол! Яғни қалғып кеткен қазақы рух сол ержүрек Сар­тай, Таймас, Қорлан тәріз­ді тұрымтайдай ұл-қыз­дар бейнесімен қайта оя­на­ды, қайта түлейді. Қ­а­лай болғанда да, біз осыған сенеміз.

Жаңа картинада - жаңа бейне


• Кино-мұрағат
"Алты жасар алпамыс"
Абдолла Қарсақбаевтың осынау танымал фильмінің жарыққа шыққанына биыл – 35 жыл. Ал  картинаның қалай түсірілгені, кішкентай актерлердің қалай таңдалғаны – өз алдына ұзақ әңгіме. Әйтсе де қысқаша тоқталып өтейік.  
Тұңғиық жанарлы Алпамыс
А.Қарсақбаев Алпамыстың рөлінде ойнаған Ермек Төлеп­баевты Тұраш Ыбыраевтың «Ақ автомобиль» атты қысқа­метраж­ды фильмінен көріп қалған екен. Режиссерге  әсіресе баланың көзі ұнапты. Ал «кино балалығымды ұрлады, соған түсем деп дұрыстап оқи алмадым әрі кейіннен жұрттың бәрі тани беретіні жалықтырды» деген пікірдегі Ермек, кинодан көңілі қалғаны сонша, өзі түскен фильмдерді қазір мүлде көрмейді екен.
Тентек сары Қалихан
Өзіне-өзі көңілі толғанда «Әй, өзім-ай» деп мақтанып қоятын тентек сары Қалихан – Ұлан Сарбасовты Абдолла аға футбол алаңынан тауыпты. Өзінің дегені болмаса, өзгеге көнбейтін өжет баланың мінезі режиссердің көңіліне қона кетіпті. Фильмде өзін-өзі ойнаған Ұлан, өкінішке қарай, мектепті бітіргеннен кейін белгісіз жағдайда қаза тауыпты.
Алып таудай Мұнар ата
Мұнар атаның рөлі әуелде Кененбай Қожабековке берілген екен. Бірақ «сценарийдегі дана қария тұлғасына сырт пішінім ғана емес, ішкі жан дүнием, ой-сезімім үйлеспейтін сияқты. Бұл образ Қанекеме келіп тұр ғой» деп бас тартқан майталман актер Мұнар ата рөлінің Қанабек Байсейітовке жүктелуіне өзі себепкер болыпты.
Оператор Әбілтай Қастеев
«Алты жасар Алпамыстың» операторы «қазақ бейнелеу өнерінің атасы» Әбілхан Қастеевтің ұлы – Әбілтай Қастеев болғанын бәрі біле бермейді. Әсіресе Мұнар ата бейнесін таудай етіп көрсетуде оператордың рөлі зор болған.
Бала жанының білгірі
«Алты жасар Алпамыс» – Абдолла Қарсақбаевтың соңғы фильмдерінің бірі. Көзкөргендер бала жанын Абдолла аға сынды баурай білетін режиссердің кемде-кем екенін айтады. Ол кісінің жасандылықтан ада, шынайы дүниелер түсіруіне өзінің де баладай пәк, аңғал болмысы себепкер болғаны анық.


• Көңілімдегі кейіпкер

Гүлшарат ЖҰБАЕВА, актриса:
Киноға түсетін кезім келеді...
Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» картинасы арқылы бірден жарқ етіп көрінген Гүлша­рат Жұбаева – өнердің әншілік, бишілік, әртістік, суретшілік сияқты бірнеше түрін қатар меңгерген талантты жас. Аталмыш фильмдегі айтулы рөлінен кейін экраннан көріне қоймаған Гүлшарат көрер­менін жақсы образдарымен қуантар кезінің алда еке­ніне сенеді. Жалпы, өмір­де ол – өте ашық-жар­қын, кішіпейіл де қарапа­йым жан. Содан болар, актрисамен әңгімеміз де мейлінше шынайы өрбіді.

«Келіннен» кейін шу шығатынын білгенмін
– Негізі, мен музыкалық-хо­реог­рафиялық училищені қызыл дип­ломмен бітіргенмін, – дейді Гүл­шарат. – Бірақ өнерге баруыма туыс­тарым қарсы болып, заң кол­лед­жіне түсірген. Оны тамамдаған соң, Атыраудағы Х.Досмұхамедов атындағы университеттің заң факультетін бітірдім. Одан кейін заңгер ретінде – прокуратурада, анда-мұнда біраз жұмыс істеп жүрдім де, бәрі­бір айналып театрға келдім. Яғни менің екі мамандығым бар: орта-арнаулы білім бойынша – бишімін, жоғары білім бойынша – заңгермін. Бишілік, продюсерлік жөнінен қазір Бішкек университе­тінің 4-курсында сырттай оқып жа­тырмын.
Шынымды айтсам, «Келін» бақытым болды ма, сорым болды ма, оны әлі айыра алмай жүрмін. Өйт­кені өмірімнің соңына дейін оның таңба болып жабысқаны – жа­бысқан. Қазір «Сол фильмге қа­лай түсті екенмін» деп ойлаймын және қатты ұяламын. Бір жағынан, ол маған берілген бір мүмкіндік болды. «Өнерге аяқ басып, ішіне ену үшін де бір құрбандық керек шығар. Одан кейін ондай киноға түспеймін» деп ойладым. Была­йын­ша, өнерге анау-мынау адам кі­ріп кете бермейді ғой. Қарап тұр­с­аңыз, қаншама адам, әдемі қыз­дар жүр. Бірақ жұлдызы жана­ты­ны аз. Кастингке де көрікті деген та­лай актрисалар қатысты, «ше­ші­ніп түсеміз» деген қыздар көп бол­ды, бірақ  өте алмай, жылап кетіп жатты. Яғни «тек шешінуге келісім бергенім үшін түсірді» деп ойла­май­мын. Негізі, «Келінде» керемет ойнадым деп есептемеймін. Тіпті ол кезде не істеп жүргенімді өзім де түсінбедім. «Келіннен» кейін театр­ға іздеп келушілер көбейіп кетті. «Ол неге шешінеді?!», «өлтіреміз» деп неше түрлі боқтық сөздер айтылды, ұялы телефонымнан да тыныштық кетті. Сол у-шу «Келін» «Оскардың» үздік ондығына еніп, Елбасының марапатын иеленгеннен кейін ғана саябырсыды.
Жалпы, фильм шыққан соң шу көтерілетінін, анау бір, мынау бір сөйлеп, ығыр ететінін мен о бастан білдім. Сол үшін тезірек тұрмысқа шығып кетуге тырыстым. Құдайға шүкір, күйеуім де, ата-енем де жақ­сы адамдар болып жолықты. Өне­ріме түсіністікпен қарайды жә­не ешқашан «сен сондай киноға түс­кен екенсің» деген емес. Әлі күн­ге дейін «мен тірі тұрсам, өне­рің­ді жалғастырасың» дейтін кісі­лер.
Той-думан орталығын ашсам деймін
Жолдасым – өз орнын білетін, өзін сыйлата алатын адам. Билеге­німе де, ән айтқаныма да қарсы емес. Тіпті кейде кино көріп оты­рып: «Мынау сенің ойнайтын рөлің екен, жылайтын...» – деп қояды. Дра­малық рөлдердің менің таби­ғатыма жақын екенін біледі. Мен де оның қадіріне жетуге тырыса­мын. Құдайға шүкір, әлі күнге дейін бір-бірімізге күніне жүз рет SMS жазбасақ, болмайды. «Сүйем сені», «сағындым сені» деп, содан ай­нымаймыз. Екеуміз де намаз оқи­мыз. Біреулер: «Келінге» жар­қы­рап түсіп алып, енді намаз оқи қалыпты ғой...» – дейтін де шығар. Не деймін, Алла әркімге түсінік берсін.
Рас, қазір сахнадан сәл сырттап қалдым. Өйткені кішкентай екі балам бар. Енді өз-өзіме сәл келіп алайын деп іштей дайындалып жүрмін. Бірақ балалы болғаннан кейін де үйден шықпай отырып қалған жоқпын. «Шабыт» деген жеке студия ашып, бишілер дайын­дау­мен айналысып жүрмін. Олар­ды жер­гі­лікті әкімшіліктер ұйым­дас­тыратын концерттік шараларға, басқа да тойларға алып шығамын. Болашақ­та соны кеңейтіп, той-думан орта­лығы ретінде ашсам деп ойлаймын. Өйткені біз қазір қыз ұзату, келін тү­сіру, шілдехана, тұ­саукесер, сүн­дет той тә­­різ­ді салт-дәс­түр­лік жөн-жорал­ғы­лары­мыздың бә­рін жасауды, той өткізіп беруді қолға алу­­да­мыз. Мұн­да­ғы мақ­сат – бидің ғана ай­­нала­сын­да қалып қой­­май, ше­бер­лігімізді жан-жақты же­тілдіру. Соңғы кез­де ән ай­тып шыға баста­дым. Елге бір­ден жарқ етіп көр­сете­тіндей өзім­нің әнім­ді іздеп жүрмін.

Біздің анықтама
Жылы: Сиыр
Жұлдызы: Шаян
Актері: М.Монро, М. Өтекешова
Әншісі: «МузАРТ», ретро әндер
Жазушысы: Б.Соқпақбаев, М.Мағауин
Ақыны: Ф.Оңғарсынова
Әтірі: «Шанель»
Автокөлігі: «Хюндай Туксон»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста