Жас қаламгерлердің қамқоршысы

Алматыдағы байырғы оқу орны – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті қабырғасынан талай-талай өрен жүйрік өнерпаздар мен әйгілі ақындар қанат қаққан. Атақ­ты «Дос-Мұқасан» ансамблінің осы оқу орнынан гүл жарып шық­қаны белгілі. Ақындар – Олжас Сүлейменов, Иран-Ғайып, Рол­лан Сейсенбаев, Дархан Бейсенбекұлы, Қасымхан Бегманов, Ба­уыржан Қарабек – аталмыш университеттің әр жылдардағы түлек­тері. Кейінгі толқын талантты әдебиет өкілдерінің ішінде де осы жерден білім нәрін алып шыққандар аз емес. Мұндай ұрпақ сабақ­тастығының үзілмеуіне университеттегі «Бәйшешек» шы­ғар­ма­шылық бірлестігінің тигізіп келе жатқан үлесі зор десек болады.


Өлеңсүйер, өнерсүйер ұл-қыздардың ба­сын қосып келе жатқан бұл бірлестік сонау өткен ғасырдың 60-шы жылдары клуб болып құрылыпты. Жеке қабырға газе­ті жарық көріп, қолынан жазу келетін жастар мен түрлі өнер иелерін сол жерде топ­тастыра бастаған. Есімі аңызға айнал­ған «Дос Мұқасан» ансамблінің алғаш тұ­са­уы аталмыш «Бәйшешекте» кесіліпті. Одан бері бірлестік заман ырғағына сай өр­леу де, құлдырау да кезеңін басынан өт­керген. «Дос Мұқасан» тобының әншісі, атал­ған оқу орнының профессоры Ұлық­пан Сыдықовтың басшылығымен «Бәйше­шек» жұмысы қайта қолға алынып, бұрын­ғы қалыптасқан игі үрдістер жаңаша сипат алған. Оған университет жанынан бірлес­тік­тің «Бәйшешек» атты алманахының би­ыл­дан бастап шыға бастағанын айтсақ та жетер.
«Бәйшешек» бірлестігінің біз бүгін сөз еткелі отырған кейіпкерімізге тікелей қа­ты­сы бар. Әдеби бірлестігінің бүгіндегі же­тек­шісі – ақын, жазушы, сатирик, ұстаз һәм ғалым, Жазушылар одағы «Найзагер» са­тириктер қауымдастығының мүшесі – Ас­пандияр Әденұлы Өмірбековті Алматы­да­ғы жоғары оқу орындарында шығарма­шы­лықпен айналысатын жастар жағы жақсы біледі. Алматыдағы әйгілі универ­си­теттердің жас таланттары Аспандияр бас­қаратын осы бірлестіктің белсенді мү­ше­лері. Бәрінің бас-аяғы 150-ге тарта. Әр аптаның сейсінбісінде жастардың шығар­ма­шы­лығын шыңдап, елге танымал қа­лам­герлермен мазмұнды сұхбаттар ұйым­дастыруды игі дәстүрге айналдырған бір­лес­тіктің жастарға берері көп.
Бірлестіктің бас бапкері А. Әденұлы сту­дент кезінде, Қазақ Ұлттық университе­тінің филология факультетінде оқып жүр­генде-ақ ақындығымен танылған. 1990 жылы Алматы қаласы бойынша өткен, Рес­публикадағы тұңғыш ұйымдасты­рыл­ған «Жігіт сұлтаны» байқауында бас жүл­дені жеңіп алған. Әдебиеттің проза, поэ­зия, сатира, драматургия жанрларында бір­дей қалам тартып жүрген бесаспап да­рын иесінің бірнеше ән-өлеңдері әр жыл­да­ры түрлі жүлделі орындарға да ие бол­ған.
Аспандиярдың «Атамекен аманаты» атты жыр жинағы мен «Той алдындағы то­па­лаң» атты сатиралық кітабы жарық көр­ген. Осы кітаптарды оқыған адам Аспан­дияр­дың туған жерге деген ыстық ықыла­сын, ақындық, жазушылық әлеуетінің осал еместігін, сөз мәйегін білетін, қалыптасқан қаламгер екенін мойындайды. «Атамекен аманатына» алғысөз жазған марқұм ақын Жеңіс Қашқыновтың сөзімен айтсақ: «Со­зақ көтерілісі жайлы жазған Аспан­дияр­дың «Аллаху» поэмасында көтерілістің шы­ғу себебі, немен біткені айқын көрініс тапқан. Ақын бір Созақтың мұң, шері ар­қы­лы бар қазақтың мұң-шерін жыр етеді. Оқиғаны тау тілімен, жел тілімен, әсіресе күй тілімен суреттеуі әсерлі шыққан». Ав­тор­дың аталмыш деректі поэмасы тікелей Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мұраға­тын­дағы деректерді пайдалана отырып, 1930 жылдары ел ішінде орын алған дүрбелең ке­зеңді жатық суреттейді. «Баба Түкті Шаш­ты Әзіз», «Қарабура» атты поэмала­рын­да қазақ жерінде өткен тарихи тұлға­лар­дың бейнесін лайықты көрсете білген. Бұдан бөлек кітаптан құлашты кеңге сер­ме­ген, әуезді ойға толы, айшықты да әсем, өміршең өлеңдердің талайын кездестіруге болады.
Ал таяуда жарық көрген «Той алдын­дағы топалаң» кітабы – Аспандиярдың қа­зақ сатирасының белді өкілі екенін молы­нан айғақтайды. «Бір сүйсінгенім, Аспан­дияр шығармаларында сатираның сайқы­мазақ түрі басым ба деп қалдым. Суреттің тілімен айтсақ, «сайқымазағымыз – кари­катура» ғой. Бұны сатиралық шығармашы­лы­ғындағы жеке ерекшелігі деп түсінеміз. Анаған, мынаған еліктеу, солықтау жағы да байқалмады. Өз тілі, өз стилі қалып­тас­қан сатирик» депті кітапқа алғысөз жаз­ған көрнекті сатирик Үмбетбай Уайдин. Әр жылдары «Ара – Шмель» журналында жа­рық көрген сатиралық повесі мен әңгі­мелері, интермедияларының басын құра­ған аталмыш кітабында автор қоғамның ащы шындығын сайқымазақ әзілге орап берген қыршаңқы тілімен аяусыз әшкере­лейді. Бұл сатиралық кітабы Аспандиярдың ақындық аңғарымпаздық пен жіті байқа­ғыштықтың нәтижесінде дүниеге келген, өзіндік қолтаңбасын танытқан туындысы.
Мәдениет министрлігінің «Құрмет» грамотасы мен «Айрықша еңбегі үшін» ме­да­лінің иегері, техника ғылымының кандидаты, 50-ге тарта ғылыми еңбектің, бір оқулық, бір монографияның авторы Аспандияр Өмірбеков ұстаздық, ғалым­дықпен қатар өнімді шығармашылық қыз­метпен айналысуда. Қазір XVIII ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға, құба қалмақпен қырғын соғыста Абылай ханның хас ба­тыр­ларының бірі болған Жиенбет Бай­қошқарұлы жайында көлемді прозалық ең­бегін аяқтау үстінде. Ұлыс тарихы, та­рих­тағы тұлғалар туралы сыр шертетін бұл туындысы ұзақ жылдардағы зерттеу еңбе­гі­нің нәтижесі. Қалам ұшына азық етер ой­дағы туындылары жетіп артылады. Бұл – ер жасы 50-ге енді толып марқайып отыр­ған, аспайтын да саспайтын Аспандиярдың алар асуының алда да биік екенінің ай­ғағы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста