Жас актер 30 метр биіктен секірді (видео)

Қазақстандық жас актер Серік Шәріп балалар үйінің тәрбиеленушілері туралы «Аяулы арман» хикаясында басты рөлді сомдау үшін өз бойындағы қорқынышты жеңіп, өнер үшін батыл қадам жасады. Нақтырақ айтқанда, жас актер биіктен қорықса да кино үшін құздан секірді.
«Қазақстан» Ұлттық арнасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған хикаяны «Көркем фильм» кинокомпаниясы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша түсіріп жатыр. 9 қабатты үйдің биіктігіндей құздан секірген актер оған дейін акрофобияға бейім, яғни биіктіктен қорқатын. Жаңа хикаядағы басты қаһармандардың бірін сомдау үшін Серік не де болса, өзінің қорқынышын жеңуге әрекет жасады», делінген хабарламада.

Жардың шетінде тұрып, Серік көрермендерге мұндай қадамға хикаяда басты рөлді сомдау үшін барғанын жасырмай айтты. Өйткені, Серік сомдайтын кейіпкер мінезі қатал болуы тиіс. Алайда, алғашқы түсірілім күндерінен кейін жас актерге батылдық пен қаталдық жетіспейді деген сын айтылды.

Осы кезде жас жігіт спорттың айрықша түрлерімен айналысатын кәсіби спортшыларға жүгініп, олардың арнайы нұсқауынан өткеннен кейін, 30 метр биіктіктен секіруге бел буды.

Серік Шәріп «Қара шаңырақ», «Қыздар», «Мозготрясы», «Хранители солнца» хикаялары мен «Кешегі махаббат» толықметражды фильм арқылы көрерменге таныс.

ҚазАқпарат 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста