«Жарқыра, жайна, Астана!» атты мүшәйра мәреге жетті

Астана қаласының 15 жылдық мерекесі құрметіне орай, елорда әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы және Қа­зақ­стан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы жа­рия­лаған республикалық жыр бәйгесіне еліміздің әр өңі­рі­нен, алыс-жақын шетелдегі қан­дас­тарымыздан 70-ке тарта шы­ғар­ма келіп түсті.

Астанада осымен үшінші мәрте өтіп отырған бұл мүшәйраға өлең өнерінің небір өрелі жүйріктері қатысты. Бәйгенің басты мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның азат Астанасын жан-жақты жарқырата жыр­лау болғандықтан, көптеген ақы­ны­мыздың бәйгеге үкілеп қосқан жыр­ла­рының көркемдік кестесі құлпырып тұр­ға­нымен, мүшәйра қойған тақырыптық та­лаптың биігінен көріне алмады. Әйгілі ақындарымыздың осынау мерекелік ша­раға қатысқанына рақмет айта оты­рып, алдағы жыр жарыстарында жұл­дыз­дары жарқырауына тілектестік білдіреміз.
Алаш сыйлығының иегері, ақтаңгер ақы­нымыз Серік Ақсұңқарұлы төра­ға­лық еткен, белгілі қаламгерлерден құ­рал­ған қазылар алқасы бәйгеге түскен шы­ғармалардың барлығын талғам таразысынан өткізді. Соның ішіндегі ең бір сүбелісі Серік Тұрғынбековтің «Ас­та­на – Дастан» атты өлеңдер циклі бол­ды. Бұдан бұрын да талай мү­шәй­ра­лар­дың жүлдесін қанжығасына бай­лаған Серік ақын бұл жолы тіпті кө­сіле түсіпті. Көр­кіне әлем жұрты там­санып отырған ел­ор­дамыздың бо­л­мыс-бітімін жыр ті­лімен әдемі ай­шықтапты:
«Жиегі жасыл құрақ, жас қарағай,
Әлемде қала бар ма Астанадай.
Жүргінші көшедегі біз түгілі,
Қарайды тебіреніп тастағы Абай»,

– деп тұғырда тұрған тұлғалардың өзіне жан бітіргендей әсер қалдырады.
Екінші бір жан сүйсінткен шығар­ма­лар арынды ақын Бауыржан Жақыптың «Ас­танамен сырласу» өлеңдер топта­ма­сы мен бізге бейтаныс автор, таяуда Қарақалпақстаннан көшіп келген қан­дасымыз Махсет Алсейтовтың «Астана жыр­лары» болды. Қазақ жырының тар­ланбозы, ардагер ақынымыз Кәкімбек Са­лықов та мүшәйра күткен биіктен кө­ріне білді. Ақын ағамыз Астана тойына ар­нап тұтас бір кітап жазып бітіріпті. Сол ең­бегінен бәйгеге таңдап ұсынған бір топ өлеңі Астана ажарын жарқырата аш­қандығымен көңілден шықты. Сондай-ақ талантты ақын қызымыз Сәуле Дос­жа­нова да Астана тақырыбын әдемі игере біліпті.
Сонымен, қазылар алқасы ақылдаса ке­ле, бас бәйгені (жеңіл автокөлік) Серік Тұр­ғынбековтың «Астана – Дастан» өлеңдер топтамасына беруді жөн көрді.
Бірінші орынды «Астанамен сыр­ласу» өлеңдерімен оза шапқан Ба­уыр­жан Жақып қанжығасына байлады.
Екі екінші жүлдені «Мерейтойың құт­ты болсын, Астана!» және «Астана суреттері» өлеңдер топтамалары үшін Кәкімбек Салықов пен Сәуле Досжанова еншіледі.
Үшінші үш сыйлыққа Махсет Алсе­й­тов, Жанат Әскербекқызы, Ерлан Жүніс ла­йық деп табылды.
Сондай-ақ ынталандыру сыйлық­тарын Толыбай Абылаев, Мағиза Құна­пия­қызы, Ауыт Мұқибек, Роза Сейілхан, Қайрат Сабырбай иеленді.
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2013 жылы 1 шілде күні Астана қаласы Конгресс-Холл сарайында өтеді.
С.САБЫРБЕКОВ, қазылар алқасының жауапты хатшысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста