«Жарқанат» –сахнада

«Жарқанат» –сахнада

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында неміс сазгері Иоган Штраустың «Жарқанат» опереттасы көрермен назарына ұсынылды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жәмила Баспақованың бас партиядағы өнеріне жиналған жұртшылық тағы бір тәнті болды. Қарапайым көрермендер арасында ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед те болды.

Бұл қойылым 76-маусымның тұсаукесері емес. Соған қарамастан, көрермендер залына адам көп жиналды. Музыкалық комедия іспетті әйгілі операның қай кезеңде де талғамнан түспейтінінің айғағы болар бұл. Бұл жолы да адал жар Розалинданың бейнесін сомдаған Жәмила Баспақованың әртістік-әншілік шеберлігіне көрермендер ризашылықпен қол соқты. Лада Қысықова (қызметші қыз Адель), Андрей Трегубенко (Фальк), Болат Бөкенов (түрме кезекшісі) сияқты басқа да басты рөлдерде ойнаған әртістер күлкі туғызатын қылықтарымен ғана емес, жиналғандарды князь сарайындағы шаттыққа толы кештің аурасына бөлей білуімен-ақ көңілден шықты. Үш көріністі опереттаны тағы бір тамашалауға келген еліміздің мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед сахнада өнер көрсеткен труппаға әдейі арнап әкелген гүл шоғын сыйға тартты.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста