Жақсылық Үшкемпіров туралы деректі фильм жарыққа шықты

Жақсылық Үшкемпіров туралы деректі фильм жарыққа шықты

Талдықорғанда атақты палуан, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы "Жеңіске құштарлық" деректі-публицистикалық фильмінің премьерасы салтанатты жағдайда өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фильмнің режиссері - Тоқтар Қарсақбаев. Оның Үшкемпіров туралы фильм түсіруіне атақты спортшымен кездесуі себеп болған. Деректі туынды жас ұрпаққа өмірдегі барлық кедергілерді жеңе білуді, белгілі бір жетістікке жету үшін аянбай еңбек етуді ұғындырады.

"Жеңіске құштарлық" фильмінде палуанның жеке мұрағатынан алынған деректер қолданылған. Автобиографиялық лентада белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, әртістер мен спортшылар қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы туралы өз пікірлерін білдіреді. Олардың арасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов пен Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстан күрес федерациясының президенті Сауат Мыңбаев және басқалар бар.

Еске сала кетейік, Жақсылық Үшкемпіров туралы деректі фильм түсірілетіні өткен жылдың шілде айында хабарланған еді. Фильмнің Қазақстанның түрлі өңірлерінде және Мәскеу қаласында түсірілетіні айтылды.

"Фильм оның қандай адам болғаны жайлы сыр шертеді. Біз Жақсылық Үшкемпіровпен осыдан бір жыл бұрын таныстық. Мен осы уақытқа дейін ол жайлы бірде-бір киноның түсірілмегенін білдім. Ал ол - Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ баласы. Соған қарамастан, ол - өте қарапайым. Ол бұл атақты өз еңбегінің арқасында, үздіксіз жаттығулардың арқасында жеңіп алды. Ол нағыз еңбекқор, биоробот деп айтуға болады", - деген болатын режиссер Тоқтар Қарсақбаев.

Тengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста