Жанкенттен көне құмыра табылды

Жақында бір топ ғалым Қа­за­лы ауданында жатқан Жан­кент шаһарының орнына зерт­теу жүргізді. Осы шара ба­рысында олар үлкен ол­жа­ға кезікті. Көне шаһардан құрымаған құмыраны тапты.
Құмыраның көлемі де үлкен. Ұзындығы бір метрге жуықтайды. Ернеуінің кеңдігі 60 сантиметрді шамалайды. Түбінің көлемі – 30 сантиметр. Ернеуінің жоғары жағында мөр тәрізді таңбалар байқалады.
Жанкент қаласының тарихы тым әріде жа­тыр. Көне шаһар ІХ-ХV ғасырларда өмір сүр­ген. Еуропа мен Азия арасын жалғаған Ұлы Жібек жолының бойында қоныс теп­кен. Қалада ислам мәдениеті өркендеген. Ескі қала ғалымдардың қызығушылығын ту­ғызып келеді. Алматы қаласындағы Әлкей Марғұлан атын­дағы археология инсти­ту­тының ма­ман­дары Жанкент қала­сы­на жос­парлы түрде қазба жұмыстарын бастап кетті. Олар алғашқы жұмыс сәтінде осындай құн­ды қазынаға кезігіп отыр. Ға­лым­дар құ­мы­ра­мен бірге, өзге де қыштан құйыл­ған дү­ние­лерді тапты.
Дмитрий БОЯКИН, Әлкей Марғұлан атын­­дағы археология институтының құжат­тама және қайта жаңғырту бөлімінің ди­рек­торы:
– Біз алғашқыда мұндай жетістікке жете­міз деп ойлаған жоқпыз. Қыш құ­мы­ра мен өзге де дүниелер бүгінгі ұр­пақ үшін баға жетпес байлық саналады. Аталмыш жәдігерлерді тағы да зерттей түсеміз. Соның нәтижесінде Жанкент ту­ралы көптеген дерек аламыз деп санай­мын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста