Қайрат Нұртастың жұбайымен татуласуына інісі Заңғар себеп болды. Бұл туралы күні кеше отбасын құрған Заңғар Нұртастың өзі айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Заңғар желідегі парақшасында тікелей эфир өткізіп, көпшілікті мазалаған сауалдарға жауап берді. Тікелей эфирдің үзіндісі пабликтерде тарады. Заңғардың айтуынша, оқырмандар тарапынан оған ағасы мен жеңгесі туралы толассыз хаттар келген.
"Дайректтен оқыдым. - Екеуін қос, қос! Тойға шақыр, сен қосу керексің, - деп жазды. Сонымен тойда отырдым. Тойдың ортасында жеңгелерім де келді. Соңында мен сахнаға шығып, күшті сөз сөйледім", - деді Заңғар Нұртас.
Көпшілік кенже баланың әрекетіне риза болды.
"Жарайсың, қазақ халқын бір қуанттың. Бәріміз қуанып қалдық қой", "Өте сауапты іс жасадың. Адасқандарға жол көрсеттің. Ақыл жастан, асыл тастан деген осы ғой. Қайрат пен Жұлдыз бақытты болсын", "Жарайсың, Заңғаржан. Атыңа лайық жігіт екен. Сені қамқоршым, ақылдым деп жатыр Жұлдыз жеңгең. Сөзіңде тұрдың. Мәрттік деген осы. Ендігі жерде мәңгі бірге болсын Қайрат пен Жұлдыз. Заңғар, Жібек, жұптарың жазылмай, бақытты ғұмыр кешіңдер", - деп жылы лебізін білдірді желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова қайын інісіне деген құрметі ерекше екенін айтып, оған ыстық лебізін білдірген еді.