Жанель Мақажан бірінші некесі туралы өз шындығын айтты

Отандық танымал актриса Жанель Мақажан желідегі оқырмандарына барынша ашылып, өзінің сәтсіз аяқталған некесі туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі бірінші күйеуімен ажырасуына не себеп болғанын ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Жанель Мақажан Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялап, бірінші некесі туралы бар шындықты айтты.

 

Ол бұрынғы жолдасы екеуі арасында көптеген келіспеушілік орын алғанын жеткізді. Актрисаның сөзінше, олардың басты қателігі - мәселені дер кезінде талқылап шешпегенде болса керек.

 

"Мен қателестім. Менің бірінші некем болғаны көпшілікке мәлім. Біздің келіспеушіліктеріміздің басты себебі арамызда туындаған мәселелерді дұрыс шеше алмағанымызда болды. Ұсақ-түйек ұрыстардың соңында көптеген маңызды әрі қажетті сөздер айтылмай қалып жатады. Ал бұл негатив жинақталып қалған кезде қарым-қатынасты құтқару мүмкін емес болады", - деп ағынан жарылды әртіс.

 

 

Сонымен қатар, бүгінде жаңа ғашығымен бақытты күн кешіп жүрген актриса сүйіктісі туралы да айтып өтті. Жанель Мақажан оның арқасында көп нәрсені түсініп, көзқарасын өзгерткенін айтты.

 

"Мен өзімнен жасы кіші адаммен көп нәрсені түсіне бастадым. Жас айырмашылыққа қатысты қалыптасып кеткен ойлар қате болып келеді. Кейде бала секілді ересек адамды немесе өз жасында әлдеқайда есейіп кеткен жастарды кезіктіресің. Абай маған барлық жағымды және жағымсыз сәттерде де бір-бірімен сөйлесу әрі тыңдай білу керек екенін түсіндірді. Шынайы болуға қорықпауға үйретті. Қарым-қатынастарыңыздың басында барынша шынайы болуға тырысыңыздар. Бұл өте маңызды. Мен сіздерді ұрысқа шақырып жатқан жоқпын. Бар болғаны бір-біріңізбен барлығы жайында талқылап сөйлесе біліңіздер", - деп жазды Жанель.

 

Айта кетейік, бұған дейін Жанель Мақажан алғаш рет ғашығы туралы сыр ақтарған болатын. Актриса сүйіктісінен сегіз жас үлкен екенін ашық айтты.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста