Мына суретте Жанар Дұғалованың жүкті екені анық байқалады. Шынайы өмірде болмаса да, фильмде Жанар ана болу бақытын сезініп көрмек. Дәл қазір Жанар Баян Есентаеваның "Махаббатым жүрегімде" атты фильмнің екінші маусымына түсіп жатыр. Қазіргі біздің замандағы жастардың қаладағы тұрмысын, көзқарастары мен сезімдерін көрерменге жеткізуді мақсат еткен "Махаббатым жүрегімде" фильмінің алғашқы бөлімінде жауапсыз махаббаттан жүрегі жараланған, сәби сүйе алмай қапаланған Аиданың рөлін ойнаған Жанарт Дұғалова фильмнің екінші бөлімінде арманына жете ала ма?
Ал мына суретте Баян Есентаева өздерінің сот отырысында отырғандарын айтып инстаграмдағы парақшасына салыпты. Яғни "Махаббатым жүрегімде" фильміндегі оқиғалар 2 маусымда шиеленісе түсетін секілді...
Мына суретте Баян өзінің баласы Дастанмен бірге. Баласы анасына ұқсай ма қалай өзі?...
«Махаббатым жүрегімде» мелодрамасы қыз бен жігіттің арасындағы махаббат, ата-аналар мен балалар арасындағы келіспеушілік секілді өмірлік тақырыптарды арқау еткен. Оқиғаның шиеленісі сол – бірін-бірі сүйген қос ғашықтың екі түрлі әлеуметтік ортадан шығуы. Бас кейіпкер жігіт ауқатты отбасынан шыққан, Кембридж университетін бітірген. Ата-анасы баласының болашағынан зор үміт күтеді, оның бизнесте де, жеке өмірде де үлкен жетістіктерге жетуін қалағандықтан ұлдарына өздерінің деңгейіндегі отбасының қызын айттырады. Алайда жігіт ауылдан шыққан қарапайым қызға ғашық болады. Сымбатты да, ақылды, мейірімді жігітті құлай сүйген қыздың махаббаттан көңілі қалып, көз жасы көлдей болады.
«Махаббатым жүрегімде» фильмі – махаббат оқиғасы. Фильм «егер сезім соншалықты күшті болса, оған ештеңе кедергі бола алмайды» дегенді көрерменге жеткігзісі келген.
Басты рөлдерде «Қазақ аруы – 2014» ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова және Тәуекел Мүсілім. Ол сән әлемі арқылы көпшілікке танылған.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда "Махаббатым жүрегімде" фильмінің екінші маусымы түсіріліп жатыр. Фильмнің режиссері Ернар Нұрғалиев. "Махаббатым жүрегімде" фильмінің екінші маусы көрерменге күзде "Хабар" арнасынан көрсетілмек. Айнұр Нұрсабет