Әнші әрі актриса Жанар Айжанова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында атышулы Сары әулие жайлы айтты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Қожа ғой. Мен оны 90-шы жылдардан бері араласамын, менің ағам. Ол кісіге тіл тигізген адаммен қылыштасуға, төбелесуге, атысуға дайынмын. Өйткені, біздің қазақ білмей "23 баланың әкесі, ананың әкесі", - дейді. Ол кісінің халыққа жасап жатқан еңбегін көрсеңіз. Қаншама жығылған адамды орнынан тұрғызып жатыр, өзі жаман жаман пәтерде тұрады. Тапқан таянғанын жетім-жесірге бөліп беріп жатыр. Сондай даналық біздің миллиардерлерде қайда? Бергенін айқайлайды, ал Сары әулиенің бергенін ешкім білмейді. Ешкімге айтпайды, өйткені оның жасап жатқанның барлығы бір Аллаға ғана хақ", - деп жауап берді Жанар Айжанова.