Әнші Жанар Айжанова жұбайының суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді. Күйеуі туралы көп айта бермейтін әнші бұл жолы біршама құпияларын жария етті.
Бұл туралы Жанар Айжанова Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Біздің үйдің отағасы - романтик. Менің төрт-бес күн көрмей қалса, өзі монтаждап осындай жүрекке жылу беретін музыкалық сәлемдерін жолдап тұрады. "Күйеуіңді неге көрсетпейсің" деген жандарға "Міне менің жаным әдемі" деп парақшама салып жатырмын. Махаббат, сыйластықтырыңыз мәңгілік болсын" , - деп жазды әнші.