Жанар Айжанова 50 жасын мейрамханада атап өтті (фото)

 Әншінің мерейтойына Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова бастаған қазақ эстрадасының жарқын өкілдері келді.

Жанар Айжанова елу жасқа толған күнін мейрамханада атап өтті, деп хабарлайды Today.kz.

Әншінің мерейтойына Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова бастаған қазақ эстрадасының жарқын өкілдері келді. Олар әншіге ақ тілектерін жаудырып, әннен шашу шашты.

"Басыңнан бағың таймасын, көп жаса", - деді Мейрамбек Бесбаев.

Ал Жанболаттың Жазирасы болса, бала күнінде Жанар Айжановаға еліктеп өскенін жасырмады.

Айгүл Иманбаева мерейтойға келе алмағаны үшін кешірім сұрап, Instagram желісіндегі жеке парақшасына жазба қалдырды.

"Сізбен таныс болып, сыйласып, сіңлі болып еркелеп, сырымды айтып, керек кезде көмегіңізді де аямай "әй, Нанжауғыр, бәрі жақсы болады", - деп ақылшым болып жүрген өнерде тапқан апамсыз! Рақмет сізге! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болып, деніңіз сау болсын. Айжұлдыздың бақытын көріңіз. Ереке екеуіңіз бақытты ғұмыр кешіңіз. Мен тілекшіңізбін қашанда. Қасыңызда бола алмай қалғаныма кешірім сұраймын. Жақсы көрем, құрметтеймін", - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Елуді еңсерген әншінің мерейтойына сондай-ақ Лұқпан мен Айған Жолдасовтар, Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Арман Дүйсенов, визажист Санди Бексырға, Шәкизада, Мирас пен Құралай сынды т.б. танымал адамдар келді.

Жанар Айжанованың өзі кеш барысында жұбайымен бірге вальс билеп, өнердегі әріптестерімен қосылып ән шырқады.

today.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста