Тараз қаласында қазақ тілін оқып-үйренушілерге және ана тілімізді терең меңгеремін деушілерге арналған «Тараз» оқу-әдістемелік құралдар жинағы жарық көрді.
Оқулық ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің келісімімен және Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту республикалық орталығы ұсынған «Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге жеделдете деңгейлік оқыту стандарты» мен «Типтік бағдарламасы» негізінде дайындалған. Аталмыш оқулық қазақ тілін меңгеремін деген мемлекеттік қызметшілерге және жекелеген азаматтарға арналған.
Оқулықтың «Отбасылық сала» деп аталатын бөлімі қазақ тілін жаңадан үйреніп жүрген азаматтарға арналған. Ал ауызекі тілде сөйлей алатын, қазақ тілін меңгеруді жалғастырушы азаматтар мемлекеттік тілге байланысты өздеріне қажетті дүниелерді оқулықтың «Елтаным» атты бөлімінен таба алады. «Ресми іс-қағаздарын жүргізу» бөлімі ресми салаға арналған. Бұдан бөлек лексикалық тақырып, тілдік материалдар, сөздік минимум, сөйлесу үлгілері сияқты төрт бөліктен тұратын кешенінің әрбір кезеңінде бақылау жұмыстары, қорытынды тестілер берілген.
Жамбыл облыстық тілдерді оқыту орталығының бұрынғы директоры, қазіргі зейнеткер Мәскеу Ноқрабеков және аталған орталықтың маманы Гүлхан Аманова дайындаған оқулық Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының тарапынан оң бағаға ие болып, қазіргі кезде облыс орталықтарында мекемелерге таратылуда.
Жаңа оқу-әдістемелік құрал жарық көрді
Последние статьи автора