Жаңа Гога Ашкенази: 26 жастағы қазақстандық миллионер қыздың өмірі желі оқырмандарын шошытты (фото)
Ирада Рамаданова Instagram желісіндегі парақшасына құны бірнеше миллион тұратын сөмкелері мен ресейлік эстрада жұлдыздарымен бірге өткізген салтанатты кештердің суреттерін жариялап, оқырмандарын шошытып алды.
ұл туралы Life.ru жазды.
Отандастары Ирада Рамаданованы танымал кәсіпкер әйел Гога Ашкеназимен салыстырады. Оған себеп – екеуінің сырт келбеттері қатты ұқсайды және екеуі де бірдей қымбат сөмкелер мен гаухар тасты бұйымдарға құмар.
Ираданың аксессуарлар топтамасына тәжік ханшайымы Мадина Шокирова мен әнші Жасминнің өзі қызыға қарайды. Ал киім салатын шкаф сөрелері әрқайсысы 4 миллион рубльдан тұратын қолтырауын терісінен жасалған Hermes Birkin сөмкелеріне толып тұр. Олардың көптігі соншалық, сөрелер құлап кетудің аз-ақ алдында. Ирада парақшасына жүктеген Hermes пен Chanel аксессуарларының жалпы құны шамамен 70 миллион рубльге бағаланып отыр.
Ал қымбат Erwin мейрамханасы мен орталық дүкенге шығыс ханшайымы қызыл түсті спорттық Ferrari (құны 16 миллион рубль) немесе Mercedes Gelandewagen (14 миллион рубль) автокөлігімен барады.
Ал өзінің 26 жастағы туған күнін Рамаданова Мәскеуде дүркіретіп атап өтті. Оның туған күніне Ресейдің танымал жұлдыздары Филипп Киркоров, Николай Басков, Валерий Меладзе мен “ВИА Гра” тобы қатысқан. Кеш барысында туған күн иесі екі киім ауыстырыпты.
Ал оның өмірін Instagram желісінде 250 мың оқырман бақылап отыр.
Күнге күйіну үшін бойжеткен ай сайын дерлік Дубайға өзінің жеке ұшағымен аттанады. Ривьераның жағалауын миллионер бойжеткен яхтамен тамашалайды. Ал Рамаданованың достары мүлдем аз. Оның ең жақын құрбылары – Виктория Лопырева мен дүниеден озып кеткен Платон Лебедевтің қызы Диана болған.