«Жан азасы» – ақынның жарық дүниемен жылай қоштасуы

Марат ҚАБАНБАЙ, жазушы:

...Алматының табалдырығына аяқ артысымен-ақ,  Мұқағали Мақатаевты тез-ақ тауып алдым. Ол кісі біз оқитын КазГУ-дың бас корпусының (қазіргі театр өнері институты) төңірегінде тұрды. Жағасы жайлауда, шашы будақ-будақ, Алатаудың жартасындай нән ақынды ортаға алып жүру тамаша ғой. Және мінезі қандай ағаның! Тұп-тура Алатаудың нақ өзі: кейде жап-жасыл болып, жайнаңдап шуақ төгеді, енді бірде сатұр-сұтыр етіп, селдетіп-селдетіп жібергенде небір қуысқа қалай кіріп кеткеніңді білмей қаласың. Осының бәрі өзіне бек жарасады – табиғи!
Менің таңғалғаным – о кісінің мүлдем кереғар екі мінезі-тін. Біріншісі – Жазу­шы­лар одағының небір беделді жиы­лыс­тарында мырың хатшылардың бетін тіліп-тіліп ақыра айтып, залдан теңселіп шыға беретіні... Екіншісі, тап сол Мұқаң көшеде, кең дүниеде мүлдем басқа адам-тын: төңірегінде көбелектей қаптап жүретін өрім жастардың бетін жел болып желпіп көрмепті. Қақырата қатты айтқандағысы – «Әй, қызталақ!»
Ешкімді мақтамайтын да, жаманда­май­тын да. Және де білімсінбейтін. «Е, ту­ма талант түк оқымай-ақ жаза береді екен ғой» деген осы кезде қалыптасқан теріс түсінік көп ақынға кейін кесір болып тиді: оқымау қағидаға айналып, ақыры аяқтары­на жем түсті.
Бұрынғы «Есік» кафесінде Мұқаңды ортаға алып, қау-қауласып отырғанбыз. Шашы жып-жылтыр бір семит шал кітап­та­рын құшақтап қасымызға жайғасты.
– Бодлер ме? – деді Мұқаң гүр етіп.
Екеуінің аузы бір-біріне жабысты да қалды. Бодлер, Уитменнің «тәртіптері» талқыланып, әңгіме аяғы Португалияның 400 жылдық тарихын өлеңмен баяндап беріп кеткен Комоэнс деген біреуге ауысты. Кетерінде әлгі кішкене шал (филологияның профессоры, докторы екен) Мұқаңның шәугімдей басын көтере құшақтап тұрып:
– Жаным жадырап, бір жасап қалдым. Мұндай телегей-теңіз білімді қазаққа алғаш кездесуім, – деді.
«Мұқаң қайтыс болыпты» деген суық сөз Алматы көшелерінде оқтай зулады.
...Кімді өлтіріп алғанын кеш білетін қазақ бұл жолы да аһ ұрып, жер тоқпақтады. Өтірік жылағандар қырғын.
Мұқағалидың жер жүзінің әдебиетінде теңдессіз, алабөтен, бір шоқтықты шығар­масы бар, ол – «Жан азасы». Білетін­дер «ауру­ханада ажалын тосып отырып жазған» деседі. «Жан азасы» – ақынның жарық дүние­мен жылай-жылай қоштасуы әрі бізге қалдырған өсиеті, оның үстіне бұдан былайғы мәңгілік мекені – қара жер қойны – көрге ізетпен сәлем беруі-тін...
М.Қабанбайдың «Қазақтың коды жазылған ақын» атты мақаласынан ықшамдалып дайындалды.
(«Есіңе мені алғайсың», «Сарыжайлау» қоғамдық қоры, Алматы, 2010)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста