Жамбылдықтар күнгейді күмбірлетті

Жамбылдықтар күнгейді күмбірлетті

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысында Жамбыл облысы мәдениеті күндері өтті. Бағзыда түйелер керуені маң-маң басқан Ұлы Жібек жолындағы ірі сауда орталығы бүгінде арқауы үзілмеген құтты облысқа айналған. Осыдан бірнеше ай бұрын Тараз қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері өткен-ді. Өңірлер арасындағы даму мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында өнегелік тұрғыда алары мен берері көп бұл мәдени байланыстың екі облыс арасындағы достықты нығайтуға тигізер ықпалы зор.
Облыстық опера және балет театрында өткен іс-шараның ашылу салтанаты жа­йын­да бұдан бұрын хабарлағанбыз. Мә­дениет күндерінің алғашқы күні Жам­был облыстық филармониясының «Ала­тау» фольклорлық ансамблі Шымкент қала­сындағы қарттар үйінде «Тараз тартуы» атты қайырымдылық концертін өт­кізді. Кешкі мәдени шаралар аясында дра­матург Елен Әлімжанның «Төле би» атты екі бөлімді тарихи драмасы көрсетілді.
Ал келесі күні облыстық опера және балет театрында Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «қуыршақ» тобы  сатирик Оспанхан Әубәкіровтің комедиялық ер­тегісі желісінде ре­жиссер А.Сағымбекова сахналаған «Қожа мен спорт» қойылымын көрсетті. Театр­ландырылған оқиғаның өзекті ойы – жасөспірімдерді бала кезінен спортпен айналысып, жалқаулықтан ау­лақ жүруге тәрбиелеу. Қонақтардың іс-ша­расы одан әрі Жамбыл облыстық филар­мониясы «Балауса» цирк ұжымының «Таң­ғажайып әлем» атты шоу-бағдар­ламасына ұласты. Күлкілі сайқы­мазақтар мен акробаттардың өнері жұрттың қызы­ғушылығын туғызды.  Мәселен, төрт жыл­дан бері сиқырлы таяқшалар құпиясын меңгеріп келе жатқан «Балауса» цирк то­бының мүшесі 21 жастағы әртіс Нұрсұлтан Зұлпыхардың айтуынша, бұл өнер түрі жалқаулықты көтермейді әрі оны кез келген адам істей алмайды және жылдамдықты сақтау керек екен.
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облыстық «Балауса» цирк тобының жетекшісі:
– Құрылғанына 10 жыл болған ұжымда 40-тан астам әртіс қызмет етеді. Біздің циркте 5 жастан 50 жасқа дейінгі қыз­мет­керлер бар. Әрбір әртісіміздің өзіндік рөлдері бар.

 Циркке келген көрерменнің қарасы қалың болды. Тараздық цирк әртістерінің өнеріне кішкентай көрермендер ғана емес, үлкендер жағы да тәнті. Әсіресе кешті жүр­гізген сайқымазақтың сөздері бала­ларды риясыз күлкіге бөледі.
Жамбыл облысының оңтүстіктегі мә­дениет күндері апта соңына дейін жал­ғасты. Іс-шаралардың соңғыларының бірі облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы фи­лар­монияда өтті. Қазақтың қара нары, қара сөзден қамыр илеген Шерхан Мұр­тазаның ізін ала көптеген әдебиетші қауым өсіп-өнгені белгілі. Шерағаның со­ңын ала Елен Әлімжан, Әбдімомын Желдібаев, Шырын Мамасерікова, Эра Орманова, Үміт Би­тенова, Ғани Әлімбекқызы, Болат Бек­жанов, Ахмет Баймаханбет, Маралтай Ыбыраев сынды зиялы қауым өңір жұртшылығымен кездесу өткізді. Өлеңге де, өнерге де бай киелі Жамбыл топы­рағынан шыққан ақын-жазушылар қауымының дін мен дәстүрдің қаймағы бұзыл­мағанның оңтүстік өңірге келуіндегі мақсаты – жас таланттарды, олардың шығарма­шы­лығын  халықпен таныстыру.
Маралтай ЫБЫРАЕВ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:
– Осыдан біраз жыл бұрын ақын ағаларымызбен оңтүстікте болған сапа­рымнан ой түйіп, «Оңтүстік туралы бал­лада» жазған болатынмын. Сонда көркем жырға жаны құштар облыс әкімінің орын­басары, ақынжанды азамат Әли Бектаев өзі бас болып, оңтүстіктің тамаша таби­ғатын аралатып, өңір туралы сыр шерткен еді.

Шарада кілең ақындар «арқырап» тұрып өлең оқыды. Міне, осылайша кеш соңы ақын-жазушылармен сыр-сұхбатқа ұласып, әдебиет-мәдениет төңірегінде әдемі әңгіме қозғалды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста