Жамбыл облысының «жеті кереметі»

«Әлемнің жеті кереметінен» қалыспайтын небір кереметтер Жамбыл облысында да табылады. Жуырда облыстық мәдениет басқармасы облыс аумағында орналасқан ғажайыптарға арнап арнайы байқау өткізген болатын. Жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша облыстың басты кереметі болып Хибатулла ат-Тарази мешіті танылды.
Байқауда «бағын сынауға» бұдан бөлек, алты бірдей ғажайып нысан да ұсы­нылған болатын. Олар XI ғасырда тұрғы­зылған «Айша бибі» кесенесі, Ақыртас, Қарахан мавзолейі, қорғандары мен балбалтастарымен таңғалдыратын Меркі ғибадатханасы, Көксай шатқалы, XVIII ғасырда тұрғызылған Ақ кесене бар. Сан ғасырлар сорабынан өтіп, бүгінге жеткен ғажайыптардың бәрін де 2009 жылы тұрғызылған облыстың бас мешіті басып озып кетті. Облыс тұрғындары өзіне ұнаған кере­мет деп санайтын нысанын ұсынуға мүм­кіндігі бар болатын. Байқауды ұйым­дас­тырушылардың айтуынша, 200-ден астам кереметке ұсыныс түскен. Байқаудың қорытындысы бойынша альбом шығару қолға алынбақ. Оған сондай-ақ «Жерұйы­ғым – Жамбылым» атты байқауда жүлдеге іліккен еңбектер де енгізілмек. Бұл байқау әдеби, мәдени, бейнелеу өнері мен музы­ка­лық шығармаларға арналған болатын. Оның жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар та­бысталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста