Келіншегі Ринат Зайытовтың ұл-қыздарына қандай шектеулер қоятынын айтып берді. Айтыскер балаларына ғана емес, әйеліне де белгілі бір шектеулер қояды екен. Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
«Балаларымызға интернетке кіруге шектеу қоямыз. Телефонды да аз қолданамыз. Мысалы, жолдасым ешқандай әлеуметтік желіге тіркелмеген. Whats App желісінің өзін қатты керек болған кезде ғана қолданады. Жалпы интернет дегенге қарсы. «Оның орнына кітап оқып, жүзбе-жүз көбірек сөйлесіңдер» деп айтып отырады. Менің де интернеттегі желілерде отыруыма қарсылық білдіреді. Өзім де аса қызықпаймын. Менің, тіпті, теледидар қарайтын уақытым жоқ. Арасында Instagram желісінде ғана отырамын. “, – дейді Зүлфия Тұрсынқызы.Айтыскер ақынның келіншегі ұл-қыздарының қызығушылықтары туралы айтып берді. Тұңғышын өзіне ұқсатса, кейінгі балаларының мінезін жолдасынікіне ұқсатты.
“Балаларымыз кішкентай күндерінен спортпен, гимнастикамен айналысса да, сабақ бірінші орында тұрады. Үлкен қызымыз Айша спортқа бейім. Шомылып, бассейнге барғанды жақсы көреді. Биыл әкеміз рұқсат беріп, екі қызымыз вокалға барып жүр. Оған дейін үйде тек караокемен ән айтатынбыз. Ақжүніс өте жан-жақты. Барлығын үйренгісі келіп тұрады. Жалпы тұңғышым – өзімнің жекеменшік қызым. Оның түрінен де, мінезінен де өзімді көремін», – дейді айтыскердің келіншегі.