Ырысы мол жан еді...

Тіршілігінде жеке бас қамынан гөрі, өзгенің жайын көп ойлайтын, елі мен жеріне барынша адал қызмет ететін, айналасына жақсыларды жинай біле­тін өнегелі адамдардың сирек кездесетіні бар. Сондай бір ұлағаты мол, ортасының абызына айналған қадірлі ақсақалдарымыздың бірі Ырыс­хан Мұсаұлы  болатын. Алайда қазақ әдебиеті мен ұлттық журна­лис­тика­да өз қолтаңбасын қалдыра білген айтулы азаматты аяусыз ажал 79 жас­қа қараған шағында арамыздан алып кетті. Осылайша, қазақ ру­ха­­ния­ты өзіне қадірлі тағы бір есімді қара тасқа қашауға мәжбүр болды...

Белгілі қаламгер, тәжірибелі журналист, абайтанушы Ырысхан Мұсаұлы саналы ғұ­мы­рын қазақ журналистикасының өсіп-өркендеуіне арнады.
1933 жылы Семей облысының Абай ауданындағы Құндызды ауылында дүниеге келген ол 1958 жылы Қазақ мемлекеттік уни­верситетінің филология факультетін жур­налист мамандығы бойынша бітірген. Уни­верситеттің соңғы курсында оқып жүр­ген кезінде-ақ жазған мақалаларымен көп­шіліктің көңілінен шыққан.
Ол көрнекті жазушы, білгір журналист, іскер басшы ғана емес, адамгершілікті ту еткен, кісілік келбетке кір түсірмеген биік парасаттың иегері еді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта білетін, мейірімді жүрегі­мен талай қаламгерге шарапатын тигізген тұл­ға. Ол қаншалықты салмақты, қанша­лық­ты жылы жүзді бола тұра, шындық пен әді­леттілік жолында соншалықты адуынды бо­латын. Журналистика  мамандығын шек­сіз сүйе, оны мақтан тұта жүріп, осы ма­мандықтың абыройы үшін  жанын сала шы­рылдаған аз ғана тұлғаның бірегейі еді.
Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, сол заман­дағы қаламгерлер ошағына айна­л­ған «Лениншіл жас» газетінде табысты ең­бек етті. Қарымды қаламгер сол кездің өзін­де-ақ толғамды ойларымен, ауқымды ой-өресімен оқырмандар көңілінен шы­ғып, нағыз публицист ретінде көзге түсті. Ырысхан Мұсаұлының ұйымдастырушылық қабілеті де ерекше еді. Ол Маңғыстау облысында жаңа ашылған «Коммунистік жол» газетінің тұңғыш редакторы болған аз ғана уақыт ішінде аталмыш басылымды республика көлеміне танытты.
Басылым беттерінде сүбелі дүниелері­мен  ерекше көзге түскен ол әдебиет сала­сын­да да тартымды шығармаларды дүние­ге әкелді. 1964 жылдан бастап Семейдің об­лыс­тық «Семей таңы» газетінде жемісті қыз­мет етті. Осы газеттің бас редакторы ретін­де аймақтағы қордаланған көптеген мә­селенің шешім табуына, қоғамдық пікір­лердің қалыптасуына, Тәуелсіздіктің баян­ды болуына қаламымен де, қа­жыр-қай­ра­тымен де атсалысқан. «Абай» журна­лы­ның бас редакторы болып, ақын мұ­ра­сы­­ның жинақталып, жаңа шы­ғарма­­ла­ры­ның жариялануына, зерттеу еңбекте­рі­нің оқырманға жетуіне үлес қосып, абайтану саласында табанды еңбек етті.
Молдабек ЖАНБОЛАТҰЛЫ:
– Кісілігі жоғары қаламгер Ырысхан Мұ­саұлы – білікті журналист, мықты редак­тор ретінде бірнеше буынды тәрбиелеген адам. Ал ең басты ерекшелігі Абай мен Шәкәрімнің мұраларына деген адалдығы дер едім. Шыңғыстау тарихын жақсы біліп өскен ол студент кезінен-ақ тарихи дүние­лер жазуға құмартты. Сол негіздегі сүбелі шы­ғармасы – «Аға сұлтан» романын жазуға жас­тай кіріскенімен, кеңестік саяси идео­ло­гия себептеріне байланысты ұзақ жатып қал­ды. Бірақ өте білгір, ел-жердің өткен жа­йын мұқият білетіндігін «Абай» журна­лын басқара жүріп көрсетті. Ырысхан соны­сы­мен мәңгілік.
Мұратбек ОСПАНОВ:
– Ырысхан ағаның қаламгерлігін де, қай­раткерлігін де бүкіл Қазақстан біледі. «Абай» журналын қайта жалғастырып шы­ғаруын  ұлы Мұхаң салған дәстүрге адал­дығы деп есептеймін. Бірде маған «Қазақ әде­биеті» газетінен «кімді тұлға тұтасыз» де­ген сауал тасталды. Сонда мен жазба өне­рін­де Ырысхан Мұсаұлын тұлға тұтамын де­дім. Бірнеше романның авторы. Ерекше міне­зі – ешкімді бөлмейтінін, адамды қа­біле­тіне, ой-өрісіне қарай бағалайтынын айт­тым. Ұзақ жылдар облыстық «Семей таңы» газетінде редактор болғанда үстірт қа­рап, салғырттық танытпайтындығын, жыл­тыра­ққа әуестенбейтінін үлгі тұтат­ын­ды­ғым­ды жеткізген едім. Осы пікірімнен айныған емеспін. Айнымаймын да! 23 жылым сол кісімен біте қайнасып, бірге өтіп келеді. Толық мағынадағы шәкіртімін.
Жазушының қаламынан туған «Аға сұлтан» атты роман оқырман қауымның жүрегіне жол тауып, сыншылардан жоғары бағасын алған. Осы романның негізінде жазылған «Тауан» атты пьесасы республика театрларында бірнеше рет қойылған. 2000 жылы екі томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Республикалық баспасөз беттерінде көптеген әңгіме, новеллалары, очерктері жарияланған.
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Білім­ді де парасатты, сабырлы да салмақ­ты, еңбекқор, үлкенге қадірлі, кішіге сыйлы болған әріптесіміздің жарқын бейнесі ел жү­регінде ұзақ сақталады. Қайраткер қа­лам­гердің артында қалған әдеби мұрасын зерт­теп-зерделеу – жас ұрпақтың еншісін­де. Ырысы мен ұлағаты мол азаматтың жат­қан жері жайлы, топырағы торқа бол­сын.
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста