Халықтың шапағатына бөленген «Шашу»

Халықтың шапағатына бөленген «Шашу»

Өмірхан мен Аманкүлді Ақтөбе жұртшылығы жақсы біледі. Өнер айдынында қос аққудай қатар жүзіп келе жатқан өнерлі жұп бүгінде отбасылық ұжымға айналып отыр. Отағасы басшы, жары қосшы болып қолға алған «Шашу» ансамблі жақында халықтық деген атауды иеленді. Халыққа бергенінен береріміз көп деп санайтын өнерлі жандар болашақта ансамбльдің жас мүшелерінен үлкен үміт күтеді.
 Ақтөбедегі халық шығармашылығы үйі жанынан құрылған «Шашу» ансам­блі­нің өмірге келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Құрамында бір үйдің бес баласы бар ша­ғын ұжымның продюсері де, стилисі де Аманкүл мен Өмірханның өздері. Бірі ән са­лып, екіншісі мың бұрала би билейтін өнер­паз өрендердің бәрі Ақтөбедегі Қа­зан­ғап атындағы өнер мектебінде білім алып жатыр. Қазақтың қобыз, домбыра се­­кілді ұлттық аспаптарын үйреніп жатқан жет­­кіншектердің бірер жылды артқа тас­та­са, кәсіби деңгейге көтерілетініне сенім мол.
Өмірхан ЖЕТЕСОВ, «Шашу» ансамблінің жетекшісі:
– Өз басым жастайымнан жарты же­тім болып өстім. Анамның жоқтығы әскер қатарында жүрсем де сезіліп тұратын. Қасымдағы жігіттер анала­ры­нан  хат алған сайын менің жүрегім сыз­дап, анашымның мейірімі мен ыс­тық алақанын іздейтінмін. Алланың ме­йі­­рім­ділігінің шексіздігін айт­са­ңыз­шы. Мені ең қымбат адамымнан ерте айыр­ғанымен, өмірлік жарымды жа­ңыл­май жолықтыруыма жәрдем етті. Аман­күл­дей жүрегі жұмсақ, жаны жай­дары жан­мен бір шаңырақ ас­тын­да өмір сү­ріп жатқанымды маң­да­йым­ның бағы деп есептеймін. Жүрегінің жұм­сақтығы де­мей көріңіз, бір мез­гіл­де үш бірдей ба­ланы бауырына басуға шешім қабылдады.

Аманкүл ЕШПАНОВА, көпбалалы ана:
– Жасың ұлғайған сайын ұлтыңа деген көзқарасың тереңдей түседі екен. Қазақтың қаракөз қызы мұхит асып кетсе, жағдайы не болмақ?! Қазір жолдасым екеуміз олардың қарнын тоқ, киімін бүтін қылудан бөлек, бо­лашақта өз нандарын өздері тауып жей ала­тын жағдайға жеткізуді ойлас­тырудамыз.

Өнерлі отбасының өнегелі істері
Қайырымдылық концерттерін жиі ұйымдастыратын «Шашу» ансамблі ән мерекесін сыйлаған мекемелерден соқыр тиын да дәметпейтінін айтады. Асып кет­кенде мекеме басшылары ақ қағазға жа­зылған алғыс хаттарын ғана қолтықтарына қыс­тырып жібереді екен. «Берген мал түс­ке жетпес, ықылас естен кетпес» деген қа­ғидамен мақтау қағазының өзін қабақ шыт­пай  қанағат тұтып жүрген қарапайым жан­дардың халқына жасаған қызметінің қайтарымы десе де болар бұл атақты.
Өмірхан мен Аманкүлдің отбасында Ботагөз, Талант, Айгүл, Жұлдызай, Құн­ды­зай, Бейбарыс және Батыр есімді тұлым­дылар мен бұрымдылар өсіп келеді. Бала­лардың қайсысын көрсеңіз де, жоғарыда ай­тып өткеніміздей шетінен өнерпаз. Жуыр­да өңірдегі ең таңдаулы 10-нан ас­там  өнерлі отбасы қатысқан байқауда «Ша­шу» ансамблі барлығынан оқ бойы озық шықты. Бас жүлдені жеңіп алған от­басы алдағы уақытта Астана қаласында республикалық деңгейде өтетін додада бақ сынамақ. Халық аманатын арқалаған «Шашу» халықтық ансамблі ол кезде де шар­шы топты жарып шығатынына се­німіміз мол.

ТҮЙІН СӨЗ
Өмірде де, өнерде де жұп­та­ры жазылмаған жұбайлар жер-жерде жетерлік. Бірақ бір-бірін ғана көтеріп қоймай, өздері салған соқпақтың сүр­леуімен балаларын да баулып ке­ле жатқан саңлақтардың сирек екенін мойындау керек. Біз әңгіме еткен Жетесовтер әу­летінің де басты ерекшелігі осында.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста