Халық сазын самғатқан «Сазген сазы»

Қазақтың көне музыкалық аспаптарын жаңғыртып, халық музыкасын дәріптеу – «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің басты міндеті. Ансамбль әу баста этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің мұрындық болуымен Ықылас атындағы Республикалық халық аспаптары мұражайы жанынан бой көтерген. Бағзыдан жеткен баба сарынын қазақ топырағының әр нүктесі мен шетелдерге де жеткізіп жүрген ұжымға биыл – 30 жыл. Мерейлі мереке қарсаңында «Сазген сазында» әуелде қобызшы болып істеп, 10 жылдан бері әкімшілік жағын қолға алған көркемдік жетекшісі, «Алматы әуендері» концерттік ұжымының директоры Бағдат ТІЛЕГЕНОВТЕН фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің ахуалын сұрап, әңгімеге тартқан едік.

– Мерекелік концерттерді бастап кетіпсіздер... Шетелге көп шығасыз­дар, биыл қайда бармақсыздар?
– 30 жылдыққа орай консерваторияда өткен «Фольклордан – джазға дейін» деген концертте аспаптық шығармаға көңіл бөлдік. Алғашқы бөлімді көне аспаптар, фольклорлық-дәстүрлі әуендерге арнап, сақ дәуірінің үлгісінде тігілген костюммен шықтық. Қазіргі заман композиторларының шығармаларын ХІХ ғасырдың қазақы киім үлгісімен танытсақ, классикалық музыка, джазға арналған бөлімді смокинг, фрагпен ұсындық. Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына дейін концерт, гастрольдық сапар да өте көп. Италия мен Францияда өткелі жатқан Алматы қаласының мәдени күндеріне бармақпыз.
– Алматы әкімдігіне қарайтын бірден-бір ұжымсыздар. 30 жыл­дық­тарыңызға орай өнерпаздарға қандай жағдай жасалды? Пәтер жағы ше?
– Консерваторияны бітіре салып келген жас кадрларға бірден үй беріледі дей алмай­мыз. Қалалық әкімшілікке қараған­дық­тан, екі-үш жылда бір пәтерден беріп тұ­ра­­ды. Осы күнге дейін бес-алты музы­кант пәтер алды. Әрине, бұл жеткіліксіз. «Сазген сазында» істейтін 20 музыканттың жартысы пәтерсіз. Басқа жағынан әкімші­лікке алғысымыз шексіз. Жылына үш-төрт костюмге, аспаптарды жаңартып отыруға, дыбыс күшейткіш, микрофон, басқа да құралдарға сұраған қаражатымызды бөліп отырады. Әндерді өңдетіп, басқа компози­торларға тапсырыс берсек, әкімшілік төлемақысын төлейді. Ол жағынан тап­шы­лық көріп отырған жоқпыз. Алматы қала­сының шетелдегі мәдениет күндерінен қал­маймыз. Мәдениет министрлігіне қара­масақ та, олар концерттерге жиі шақырады.
– Шетелдегі айтулы фестиваль, байқауларға арнайы шақыртумен барып, шетел жұртшылығын тәнті еткен кездеріңіз болды ма?
– Ондай шақыртулар жиі болады. Ең кереметі 1998 жылы Италияның Неаполь қаласының ұсынысы болды. Әлемнің 30 мемле­кетінен фольклорлық ансамбльдер жинал­ған фестивальға бардық. «Жол қаражаты өздеріңізден, басқа шығынын көтереміз» деген соң, демеушілер тауып, сапарға шықтық. Гран-приді жеңіп алдық. Қазақ түгіл, Қазақстанды білмейтін олар бет-әлпетімізге қарап, кәріс, қытай, жапонға ұқсатып, намысымызға тиді. Фестивальдің бірінші күнінде қаланың ортасында әр елдің өнерпаздары ұлттық киім, аспаптары­мен шеруге шықтық. Алдымызда Шотлан­дия­ның волынка ұстаған 40 адамы бар. Бір волынканың дауысы  30-40 домбыра­ның үнін басып тастайды. Бізден кейін испандықтар 35 адам. Біз 10-ақ адамбыз. Байқаудың тыңдауы басталған келесі күні бізді ешкім білмегендіктен, бірінші шығарып қойды. Әр мемлекетке өз өнерін көрсетуге 15 минуттан бөлген. Бізбен бірге Бағдат Сәмединова, опералық театрдың белді әншісі Қайыржан Жолдыбаев еріп барған болатын. Қазақтың дәстүрлі әні түрлі мектепке бөлінетіні секілді Италия­ның оңтүстігі, солтүстігі жеке-жеке мектеп екен. Алдын ала дайындап барған бағдар­ламамыздағы Италияның классикалық бес әні, абыройымызға қа­рай, сол оңтүстіктің әні болып шықты. Жан-тәнімізді салып өнерімізді көрсетіп жатырмыз. Ешкім елер емес. Қайыржан «Айттым сәлем, Қалам­қастан» кейін «О, соля мионы» шырқағанда, олар есеңгіреп қалды. Бізден мұндай ғажапты күткен жоқ. Қол шапалақтап, «браво», «белиссимо», «грацио» деп өздерінің таң­ғалыстарын білдіріп жатты. Бөлінген уақы­тымыз бітсе де, сахнадан Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақ­станымын» айтып, бір-ақ түстік. Басқа мемлекеттер құттықтап, бізден кейінгілер шығуға жүрексініп жатты. Келесі күні ең соңғы болып шықтық. Ерекше құрмет көрсетіп, бізді «Саранта» деген атақ­ты курортқа, Капри аралына, Римге экскурсия жасатты. Ондай сый-құрметті басқа бірде-бір елге көрсеткен жоқ.

– Ансамбльдеріңізде аспаптық өнерпаздардан бөлек, қандай әнші­лер істейді? Елге белгілі әнші­лерді де сүйемелдейсіздер ғой...
– Бізде істейтін Жеңіс Ержанов, Саят Нұрғазин, Гүлнұр Салбанова есімді ән­шілер бар. Үлкен концерттерде біздің ансамбль Ермек Серкебаев, Бибігүл Төле­гено­ва, Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсен­баева, Роза Рымбаеваларды сүйе­мел­дейді.
– Жаңа бітіріп келген жастарды жұмысқа алу жағы қалай? Қандай талап қоясыздар?
– Кәсіби деңгейіне қараймыз. Күрделі шығармаларды орындайтындықтан, білім керек. Үш-төрт ай бұрын домбырашыларға байқау жарияладық. Отыз шақты дом­бы­ра­шы­дан екеуін ғана қабылдадық. Қал­ған­дары тек қана мамандықты игерген. Дом­быраны ғана шебер тарту жетіспейді. Гар­мония, сольфеджио, дирижерлік, сим­фо­ния, хор капелласы, опера, балетті мең­геруі керек.
– Сонау 1981 жылы ашылған уақыттан бері істеп келе жатқан адам бар ма?
– Жаһангер Телғожаев деген сыбыз­ғы­шы ақсақалымыз «Сазген сазы» құрылған­нан бері істеп келе жатыр. Алғашында ансамбль құрамы Ықылас атындағы Рес­пуб­ли­калық халық аспаптары мұражайының экскурсиялық қызметкері мен екі-үш қана кәсіби маман­нан құрылды. 1986 жылы Сү­йін­бай атын­дағы облыстық филармо­ния­ның құзырына көшкен соң, кәсіби өнер­паз­дарды алуға мән берілді. Ол кезде Торғайда «Шертер», «Отырар сазы» оркестрі, біздің «Саз­ген» ғана болды. Қазір елімізде 50-ге жуық ансамбль бар, құдайға шүкір.
– Әңгімеңізге рақмет. Ұлттық музыканы талмай дәріптей беріңіздер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста