Әнші Айқын Төлепберген фильм түсіріп, басты рөлді жұбайы Жұлдыз Өмірғали сомдаған. Сл фильмнен түскен гонорарға әйеліне пәтер алып беремін деп уәде еткен. Бұл туралы жұлдызды жұп "Ел аузында" бaғдарламасында айтқан.
"Сыйлығын көрсетіп қойған. 8 наурызға және туған күнге бір сыйлық жасайды. 10 наурыз менің туған күнім",-дейді Жұлдыз Өмірғали.
Айқынның Жұлдызға ең басты сыйлығын жақында бүкіл ел көре алады.
"9 сәуірде прокатқа шығамыз. Коронавирусқа қатысты бұқаралық шараларға шектеу қоймаса, осы мерзімде шығамыз. Шектеулер болған жағдайда жазға қаламыз, әзірге белгісіз. Фильмге Төреғали Төреәлі мен Мадина Оспанды шақырдық", - дейді Айқын.
Әншінің айтуынша, хайп жасамаса да, соңғы уақыттары хайп олардың артымыздан қуып жүреді.
"Өз басым еңбектің адамымын, еңбекпен, жұмыспен "хайп" істеу керек, әніміз "хайп" болсын",- дейді ол.
Айқын фильм сәтті шықса, гонорарына жұбайына үй алып беремін деп уәде еткен.
"Біздің кино күшті кино, кішкентай баладан, үлкендерге дейін көре алады. Американдық стильде емес, қазақи стильде түсірдік, артық кеткен жоқпыз",- дейді Айқын.