Үздіктерге «Еңлікгүл» табыс етілді

Үздіктерге «Еңлікгүл» табыс етілді

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай биыл қазақ театры тарихында тұңғыш рет сахна өнерінде қол жеткізген кәсіби табыстары үшін Қазақстан Театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығы тағайындалды.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі барлық театрларында халыққа мәдени-рухани қызмет көрсетіп жүрген сахнагерлердің арасынан ең үздіктерін іріктеп, марапаттайтын осынау салтанатты кеш наурыздың 29-ы күні М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрында өткізілді. Кешті Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов жүргізді.

– Қадірлі ағайын, біз мына сахна төрінен қадірменді көрерменнің алдында жанымызды жалаңаштап, жүрегімізді ашып, қанымызды тасытып, сөз қозғаймыз. Адамның жан құбылыстары, махаббаты, өмірі, мақсат-мүддесі жайында көрерменмен сыр бөлісеміз. Бұл – ұққанға өте жауапты қызмет. Мұның орнын ақшамен де, марапатпен де, орден, медаль, атақ-даңқпен де толықтырып, бағасына жету мүмкін емес. Сонда да болса, біз Халықаралық театр күніне орай өліп бара жатып, қайта тірілген Қазақстан Театр қайраткерлері одағының атынан бүгіннен бастап, жыл сайын осы уақытта бүкіл еліміз бойынша қызмет етіп жүрген әріптестеріміздің басын қосып, осындай мереке ұйымдастыруға шешім қабылдап отырмыз.

Жыл сайын өздерінің осынау кәсіби мерекелерін театр тарландары жай ғана театр фойесінде бас қосып, сыр ақтарып, шер тарқатумен ғана өткізіп келген. Сондықтан биыл Қазақстан театрларында еңбек етіп жатқан барша театр қызметкерлерінің басын қосып, ең үздіктерге сыйлықтар үлестіретін үлкен бір шара болатынына соңғы сағатқа дейін біреу сенсе, екінші біреу сенбестік танытса керек. Атап өтер тағы бір жайт, алғашқы жыл болғандықтан, сыйлыққа лайық деген жандарды таңдауға уақыт тарлық етіп, ол іс әр театр ұжымы мен басшылығына тапсырылыпты. Нәтижесінде, республика бойынша 60-қа жуық театрдан 35 шақтысы төрт номинация бойынша өз ұсыныстарын жасаған. Соларды Қазақстан Театр қайраткерлері одағының жанынан құрылған тәуелсіз сараптау комиссиясы үш мәрте отырыс жасап, іріктеп алыпты. Ең соңғы қорытынды осы күні түскі сағат бірдің шамасында белгілі болған үздіктер есімі конверт ішіне жасырылып, марапаттау рәсіміне дейін құпия сақталды. Сонымен, жүректер кеудеге сыймай дүрсілдеп, жанарлар жасаурайтын қобалжулы сәт те келіп жетті. Ортаға «Ең үздік актер», «Ең үздік режиссер», «Ең үздік театр суретшісі» және «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты төрт номинация бойынша сегіз үміткер шақырылды. Алдымен барлығына бірдей компьютер сыйға тартылды. Көп кешікпей сегіз үміткердің ішінен таңдаулы төрттікке іліккендер есімі де анықталды:

Сонымен,
1. «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша сынға түскен 31 үміткердің ішінен М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында талай жылдан бері қызмет етіп келе жатқан белгілі әртіс Саят Мерекеұлы марапатталды.
2. «Ең үздік театр суретшісі» номинациясы Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының бас суретшісі Серік Пірмахановқа табыс етілді.
3. «Ең үздік режиссер» болып 25 үміткер ішінен Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының бас режиссері Мұрат Ахманов танылды.
4. «Ең үздік актер» номинациясы бойынша «Еңлікгүл» сыйлығы 35 үміткер ішінен Н.Сац атындағы орыс академиялық театрының актрисасы Ольга Коржеваға тапсырылды. Үздіктердің барлығына ноутбук сыйға тартылды. Осы ретте сыйлықтарды алуға қаржылай демеу жасаған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы болса керек.
Болат Атабаевтың «Ақсарай» театры, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұжымы, Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің жас өнерпаздары салтанатты кеште өздерінің өнерлерімен шашу шашты. Сондай-ақ айтарлықтай тағы бір жақсы жаңалық осы кеште Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мұрындық болуымен жарық көрген «Театр.kz» журналының тұсауы кесілді.

Керек дерек
Сыйлықтың «Еңлікгүл» аталуында терең сыр жатса керек. Біріншіден, еңлік – қыс ызғары кетіп, көктем лебі ескенде, ең алғаш қар астынан жарып шығатын гүл болса, екіншіден, тұңғыш қазақ театрының шымылдығын түрген шығарма да Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» туындысы болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста